25 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде ұлт руханиятының жарық жұлдызы, университеттің құрметті профессоры, Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Отан» ордендерінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Ақжайықтың Ақ шағаласы атанған ақын Ақұштап Бақтыгерейқызымен кездесу кеші өтті.
Кештің тақырыбы «Тегіңді сақтаймын десең — ұлыңды тәрбиеле, ұлтыңды сақтаймын десең — қызыңды тәрбиеле» болып, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтардың маңызы туралы сөз қозғалды. Ақын өз сөзінде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ана тілінің қадір-қасиеті туралы терең ойлар айтты. Ол тәрбиенің негізі ұрпақ бойында ұлттық сананы қалыптастыру екенін атап өтіп, жастарды ұлттық құндылықтарды сақтап, болашаққа жеткізуге шақырды.
Студенттер ақынға өз көкейлеріндегі сұрақтарды қойып, жүрекжарды жауаптар алды. Ақұштап Бақтыгерейқызы кездесудің соңында әрбір қатысушыға рухани азық сыйлап, оларды отаншылдыққа, ұлттық мәдениетті дамытуға бағытталған жұмыстарға белсене қатысуға үндеді.
Іс-шара барысында қатысушылар арасында жылы атмосфера орнап, көптеген пікір алмасулар болды. Студенттер мен оқытушылар бұл кездесу тек білім алудың ғана емес, сонымен қатар рухани тұрғыдан баюдың да бірегей мүмкіндігі екенін атап өтті.
Бұл тағылымды кеш университетімізде ұлт руханиятына арналған түрлі іс-шаралардың қатарын толықтырды. Ақұштап Бақтыгерейқызының даналық сөзі көпшіліктің жүрегіне жол тауып, ұзақ уақыт есте қалатыны сөзсіз.