“Қазақстан халқына” қоғамдық қорының 9 білім беру гранты М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіне бөлінді!
Бұл бакалавриат бағдарламаларына арналған тегін оқу және ай сайынғы 40 000 теңге шәкіртақы алуға мүмкіндік береді.
Грант оқудың толық мерзімін қамтиды және тек күндізгі бөлімге арналған.
Грант кімдерге арналған?
ҚР азаматтары:
1. ауылдық, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлер;
2. жетім балалар немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар;
3. мүгедектігі бар жастар;
4. мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққандар;
5. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасында қаза тапқан азаматтардың балалары;
6. Қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған балалар.
Жас шектеуі - 29 жасқа дейін.
Құжат қабылдау мерзімі:
10-17 тамыз аралығы
Қажетті құжаттар тізімі мен грант шарттары туралы толық ақпаратты университет қабылдау комиссиясынан біле аласыздар.
Қабылдау комиссиясының байланыс номері:
+7 (7112) 50-44-20;
+7 705 169 4030;
+7 771 535 5516.
Мекенжай: БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 162, бас ғимарат.