Бос лауазымдық орындарға байқау жариялайды

    «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КеАҚ, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 162, тел.: 508611, бос лауазымдық орындарға байқау жариялайды

    Білім беру бағдарламаларының білім саласындағы оқытушы, қауымдастырылған профессор (доцент): (ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган тағайындайтын қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар тұлғалар): Құқық; биология және экология, химия ғылымдары және қоршаға орта; биология, география, химия мұғалімдерін дайындау.

    Біліктілік талаптары: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық докторантура). Біліктілікті арттыру курстары, практикалық тәжірибе.

    Қауымдастырылған профессор (доцент) / профессор - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі бар /өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы құрметті атағы және ( немесе) мемлекеттік наградасы бар және " қауымдастырылған профессор" ғылыми атағының болуы, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 (бес) жыл. Қызметтің негізгі мақсаты: ЖЖОКБҰ-да академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады. Негізгі еңбек функциялары:

    1. Оқыту.

    2. Ғылыми зерттеулер жүргізу. 

    3. Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру.

    4. Білім алушы жастарды әлеуметтендіру.

    Соңғы 5 жылда Q1-Q3 Web of Science журналдарының бірінде немесе CiteScore бойынша 35 және одан жоғары пайыздық көрсеткіші бар Scopus базасындағы мақала немесе РОӘК грифі бар 1 оқу-әдістемелік басылымның болуы.

    Соңғы 5 жылда ҚР БҒМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда кемінде 3 мақала болуы.

     

    Білім саласындағы оқытушы, қауымдастырылған профессор (доцент): (ғылыми дәрежесі бар) ("ғылым кандидаты", "ғылым докторы" ғылыми дәрежесімен, "философия докторы (PhD) (Пейджди)/ бейіні бойынша доктор" дәрежесімен / өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы құрметті атағы және (немесе) мемлекеттік наградасы бар): педагогика және психология; тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау; бизнес, басқару және туризм; ҚР Қазақстан тарихы кафедрасы.

    Біліктілік талаптары: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық докторантура) жоғары білім, маман. Біліктілікті арттыру курстары. Оқытушы лауазымында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 (үш) жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл және ғылыми  дәрежесінің / өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы құрметті атағы және (немесе) мемлекеттік наградасы бар). Қауымдастырылған профессор (доцент) - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәрежесінің болуы, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 (бес) жыл. Қызметтің негізгі мақсаты: ЖЖОКБҰ-да академиялық,ғылыми-зерттеу, ғылыми - әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады. Еңбек функцияларының тізбесі:

    1. Оқыту.

    2. Ғылыми зерттеулер жүргізу.

    3. Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру.

    4. Білім алушы жастарды әлеуметтендіру.

    Соңғы 3 жылда кемінде 1 мақала Q1-Q4 Web of Science журналында немесе CiteScore бойынша 25 және одан жоғары пайыздық көрсеткіші бар Scopus базасындағы мақала,немесе РОӘК грифі бар 1 оқу-әдістемелік басылымдары, немесе Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда кемінде 2 мақала.

     

    Білім саласындағы оқытушы, Аға оқытушы/сеньор-лектор (ғылыми дәрежесі жоқ)математика мен физика мұғалімдерін дайындау; бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау;

    Біліктілік талаптары: Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  ( ғылыми-педагогикалық магистратура) жоғары білім, маман. Біліктілікті арттыру курстары практикалық тәжірибе. Аға оқытушы /сеньор-лектор/ (ғылыми дәрежесі жоқ) балама - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім  (ғылыми-педагогикалық     магистратура), ассистент лауазымында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 (үш) жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл. ЖЖОКБҰ-да  академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады. Негізгі еңбек функциялары:

    1. Оқыту.

    2. Ғылыми зерттеулер жүргізу.

    3. Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру.

    4. Білім алушы жастарды әлеуметтендіру.

    Соңғы 3 жылда кемінде 1 мақала Q1-Q4 Web of Science журналында немесе CiteScore бойынша 25 және одан жоғары пайыздық көрсеткіші бар Scopus базасындағы мақала, немесе Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 1 мақала.

               

    Білім саласындағы оқытушы, ассистент: режиссура, хореография және мәдени-тынығу жұмысы; музыка пәні мұғалімдерін дайындау; тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау; шетел тілдері  мен әдебиет мұғалімдерін дайындау; математика мен физика мұғалімдерін дайындау; биология және экология, химия ғылымдары және қоршаға орта; биология, география, химия мұғалімдерін дайындау; педагогика және психология; бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау; мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы;  дене тәрбиесі кафедрасы.

    Біліктілік талаптары: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура) жоғары білім, маман. Біліктілікті арттыру курстары практикалық тәжірибе. Қызметтің негізгі мақсаты: ЖЖОКБҰ-да академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады. Міндетті еңбек функциялары:

    1. Оқыту.

    2. Ғылыми зерттеулер жүргізу.

    3. Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру.

    4.Білім алушы жастарды әлеуметтендіру.

    Соңғы 3 жылда  жарияланған ғылыми еңбектер: 3 мақала (тезистер емес) Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда және/немесе шетелдік ғылыми басылымдарда, және/немесе ғылыми-практикалық конференцияларда (халықаралық, республикалық, аймақтық) жарияланған немесе, 2 мақала (тезистер емес) Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда және/немесе шетелдік ғылыми басылымдарда, және/немесе ғылыми-практикалық конференцияларда (халықаралық, республикалық, аймақтық)  және 1-оқу-әдістемелік құралдар.

     

    Қажетті құжаттар тізімі:

    • университет басқарма төрағасының атына өтініш;
    • жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атақтары туралы дипломдарының көшірмесі (куәландырылған,жаңадан қабылданатын оқытушылар үшін);
    • соңғы 3 жыл ішінде кемінде 72 сағат көлемінде білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өткені жөніндегі сертификаттарының көшірмесі
    • ғылыми еңбектер мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);
    • №075 үлгісіндегі медициналық анықтама (жаңадан қабылданатын қызметкерлер үшін). Университет қызметкерлері конкурс өткізілетін уақытта жұмысқа жіберу жайлы белгісі бар медициналық кітапшасын көрсетеді.
    • соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама;
    • конкурсқа қатысушының наркологиялық мекемеде есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
    • конкурсқа қатысушының психоневрологиялық мекемеде есепте тұрмайтыны туралы анықтама.

    Конкурсқа  қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі (ғылыми еңбектер тізімі, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныс хат), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін  растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

    Бос лауазым орындарының конкурсына қатысу туралы өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей беріледі. Құжаттар 12.11.2025 ж – 26.11.2025 ж. сағ. 18.00 ге дейін университет сайтында қабылданады.

        https://wku.nnsoft.kz/pps-konkurs/ 

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз