
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде халықаралық білім беру платформасы Coursera-да оқыту басталды. Жоба оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіби өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады.
Университет бастамасы аясында профессорлық-оқытушылық құрамға және әкімшілік-басқарушылық персоналға Stanford, Yale, Google, IBM және басқа да әлемдік білім беру көшбасшыларының 12 000-нан астам онлайн-курстарына тегін қолжетімділік берілді.
Жобаның басты мақсаты – цифрлық және кәсіби құзыреттіліктерді дамыту, оқыту сапасын арттыру және білім беру процесіне инновациялық технологияларды белсенді енгізу.
Coursera платформасындағы оқыту 2026 жылдың 30 қазанына дейін жалғасады. Курстарды аяқтағаннан кейін қатысушылар меңгерілген білім мен дағдыларды растайтын халықаралық сертификаттар ала алады.
З.У.Мукашева - қашықтықтан және оқыту онлайн орталығының жетекшісі
