Буфет ашу үшін жалға беру туралы хабарландыру

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті №4 Студенттер үйінің (бірінші қабат) аумағындағы жылжымайтын мүлікті буфет ашу мақсатында жалға берілетіні туралы хабарлайды.

    Мекенжайы: Орал қаласы, Студенттер көшесі, 2/2.
    Жалпы алаңы: 93,86 шаршы метр.
    Айлық жалдау ақысы: 321 000 теңге.

    Ғимарат жылыту, кәріз, электр жарығы және су жүйелерімен қамтамасыз етілген.
    Буфетке қажетті жабдықтарды жалға алушы өз есебінен сатып алады.

    Жалға алушыларға қойылатын талаптар:

    1. Кәсіпкердің соңғы бір жылдағы құқықбұзушылықтар болмағаны туралы анықтама ұсынуы;
    2. Мемлекеттік сатып алу қатысушыларының тізілімінде болмауы;
    3. Жалдау мерзімі ішінде мүліктің сақталуын қамтамасыз етуі;
    4. Жалға алушының қызмет түрі қоғамдық тамақтану саласына сәйкес болуы;
    5. Буфет университеттің студенттері мен қызметкерлерін тамақтанумен қамтамасыз етуі тиіс;
    6. Университет басшылығының келісімінсіз қала тұрғындары мен ұйымдарына қоғамдық тамақтану қызметін (банкеттер, еске алу кештері және өзге де іс-шаралар) көрсетуге тыйым салынады;
    7. Нысан субаренда құқығынсыз жалға беріледі;
    8. Қоғамдық тамақтану нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы міндетті.

    Құжаттарды қабылдау:

    Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төмендегі мекенжай бойынша қабылданады:
    ? БҚО, Орал қ., Н. Назарбаев даңғылы, 162, 107-кабинет.

    ? Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
    ? Байланыс телефоны: 8 775 490 40 42

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз