Психологиялық қолдау қызметі

    Құрметті М. Өтемісов атындағы БҚУ-дың студенттері, магистранттары және профессор-оқытушылар құрамы!

    Университетімізде әрбір жанға кәсіби көмек, жылы ықылас пен түсіністік көрсететін психологиялық қолдау қызметі жұмыс істейді. Егер өзіңізді шаршаңқы сезінсеңіз, ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіргіңіз келсе, мазалаған ойларыңызды тарқатып алғыңыз келсе немесе жай ғана сыр бөліскіңіз келсе — мамандар сізді әрдайым тыңдап, қолдауға дайын.

    Менталдық саулық — табысты оқу мен нәтижелі еңбектің маңызды бөлігі. Біз сіздің өзіңізді сенімді, сабырлы әрі көтеріңкі көңіл-күйде сезінуіңіз үшін әрдайым жаныңыздан табыламыз. Бірге біз сенімге, қолдауға және үйлесімге толы орта қалыптастырамыз.

    Толығырық ақпарат алу үшін + 7(7112) 51-15-03 нөмірі арқылы байланысуға не болмаса Назарбаев даңғылы 162, 213 кабинетке жүгініңіз.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз