ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері!
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарын орындау мақсатында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының қала және ауыл мектептерінің 10-11-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу шеңберінде университет базасында білім беру бағдарламаларының тобы бойынша пәндік олимпиада форматындағы Ашық есік күні өткізетінін хабарлайды.
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Олимпиаданың мақсаты: Олимпиада барысында ерекше қабілеті бар оқушыларды анықтап, олардың болашақта университетте білім алуына жол ашу, жастарды ғылымға баулып, олардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту, талапкерлер мен университет арасындағы байланысты күшейту.
Олимпиадаға қатысушылар: Жалпы орта білім беретін мектептердің 9-11-сынып оқушылары.
Олимпиаданың форматы: Пәндік олимпиада форматындағы Ашық есік күні.
Олимпиада кестесі:
|
Пән |
Күні |
Уақыты |
Өткізілу орны: |
|
Қазақстан тарихы |
02.04.2026 |
09:00 |
БҚО, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 34 |
|
Дүниежүзі тарихы |
02.04.2026 |
09:00 |
БҚО, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 34 |
|
Құқық негіздері |
02.04.2026 |
09:00 |
БҚО, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 34 |
|
Химия |
04.04.2026 |
10:00 |
БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 121 |
|
Математика |
07.04.2026 |
14:00 |
БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 162 |
|
Физика |
07.04.2026 |
14:00 |
БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 162 |
|
Информатика |
07.04.2026 |
14:00 |
БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 162 |
|
Қазақ тілі |
07.04.2026 |
14:00 |
БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 162 |
|
Орыс тілі |
07.04.2026 |
14:00 |
БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 162 |
|
География |
08.04.2026 |
14:00 |
БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 121 |
|
Шығармашылық мамандықтар бойынша |
23-24.04.2026 |
09:00 |
БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 137 |
08.04.2026 ж. география пәні бойынша олимпиадаларға қатысушылар үшін «Мамандық таңдау жүрек қалауы!» тақырыбында «Сенің ерекше қабілетің» тренингі өткізіледі. Тренингте 6801201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6801301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламалары тобының ерекшеліктері түсіндіріледі.
Қажетті құралдар: Көк түсті қалам.
Әділ-қазы құрамы: Факультет оқытушылар құрамынан тағайындалады.
Марапаттау: Марапаттау рәсімінде қатысушылар таңдаған тіліне (қазақша немесе орысша) байланысты бөлек қарастырылмайды, барлық қатысушылардың нәтижелері біріктіріліп, жалпы І, ІІ, ІІІ орындар және Алғыс хаттар бойынша марапатталады.
Қосымша ақпараттық хаттар туралы:
Жалпы ақпараттық хатпен бірге әр пән бойынша жеке ақпараттық хаттар қоса жіберіледі. Әр хатта:
- Олимпиаданың нақты күні мен уақыты;
- Пәнге байланысты ерекшеліктер;
- Қатысушыларға қойылатын арнайы талаптар;
- Байланыс және тіркелу тәртібі көрсетіледі.
Ұйымдастырушылармен байланыс:
М.Өтемісов атындағы БҚУ, Маркетинг және кәсіби бағдар орталығы
Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 162,
Instagram: @makhambet.university
Телефон: 8 (7112) 50-44-20, 8 705 169 4030, 8 771 535 5516
Біздің сайт: a.wku.edu.kz
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
