
2026 жылғы 13–18 сәуір аралығында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) сыртқы сараптау комиссиясының сапары өтеді. Сапардың мақсаты – университеттің қызметін және 23 білім беру бағдарламасын халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан жан-жақты бағалауға бағытталған институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімін жүргізу.
