«М.Өтемісов атындағы БҚУ» КеАҚ, БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 162, тел.: 508611, бос лауазымдық орындарға байқау жариялайды.
Білім беру бағдарламаларының білім саласындағы оқытушы, қауымдастырылған профессор (доцент): (ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган тағайындайтын қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар тұлғалар): Құқық; биология және экология, химия ғылымдары және қоршаға орта; биология, география, химия мұғалімдерін дайындау.
Біліктілік талаптары: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық докторантура). Біліктілікті арттыру курстары, практикалық тәжірибе.
Қауымдастырылған профессор (доцент) / профессор - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі бар /өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы құрметті атағы және ( немесе) мемлекеттік наградасы бар және " қауымдастырылған профессор" ғылыми атағының болуы, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 (бес) жыл. Қызметтің негізгі мақсаты: ЖЖОКБҰ-да академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады. Негізгі еңбек функциялары: 1. Оқыту. 2. Ғылыми зерттеулер жүргізу. 3.Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру. 4.Білім алушы жастарды әлеуметтендіру.
Соңғы 5 жылда Q1-Q3 Web of Science журналдарының бірінде немесе CiteScore бойынша 35 және одан жоғары пайыздық көрсеткіші бар Scopus базасындағы мақала немесе РОӘК грифі бар 1 оқу-әдістемелік басылымның болуы.
Соңғы 5 жылда ҚР БҒМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда кемінде 3 мақала болуы.
Білім саласындағы оқытушы, қауымдастырылған профессор (доцент): (ғылыми дәрежесі бар) ("ғылым кандидаты", "ғылым докторы" ғылыми дәрежесімен, "философия докторы (PhD) (Пейджди)/ бейіні бойынша доктор" дәрежесімен / өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы құрметті атағы және (немесе) мемлекеттік наградасы бар): педагогика және психология; бизнес, басқару және туризм.
Біліктілік талаптары: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық докторантура) жоғары білім, маман. Біліктілікті арттыру курстары. Оқытушы лауазымында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 (үш) жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл және ғылыми дәрежесінің / өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы құрметті атағы және (немесе) мемлекеттік наградасы бар). Қауымдастырылған профессор (доцент) - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәрежесінің болуы, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 (бес) жыл. Қызметтің негізгі мақсаты: ЖЖОКБҰ-да академиялық,ғылыми-зерттеу, ғылыми - әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады. Еңбек функцияларының тізбесі: 1. Оқыту. 2. Ғылыми зерттеулер жүргізу. 3.Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру. 4. Білім алушы жастарды әлеуметтендіру. Соңғы 3 жылда кемінде 1 мақала Q1-Q4 Web of Science журналында немесе CiteScore бойынша 25 және одан жоғары пайыздық көрсеткіші бар Scopus базасындағы мақала,немесе РОӘК грифі бар 1 оқу-әдістемелік басылымдары, немесе Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда кемінде 2 мақала.
Білім саласындағы оқытушы, ассистент: әлеуметтік ғылымдар; бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезіне).
Біліктілік талаптары: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура) жоғары білім, маман. Біліктілікті арттыру курстары практикалық тәжірибе. Қызметтің негізгі мақсаты: ЖЖОКБҰ-да академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады. Міндетті еңбек функциялары:
1. Оқыту.
2. Ғылыми зерттеулер жүргізу.
3. Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру.
4. Білім алушы жастарды әлеуметтендіру.
Соңғы 3 жылда жарияланған ғылыми еңбектер: 3 мақала (тезистер емес) Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда және/немесе шетелдік ғылыми басылымдарда, және/немесе ғылыми-практикалық конференцияларда (халықаралық, республикалық, аймақтық) жарияланған немесе, 2 мақала (тезистер емес) Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда және/немесе шетелдік ғылыми басылымдарда, және/немесе ғылыми-практикалық конференцияларда (халықаралық, республикалық, аймақтық) және 1-оқу-әдістемелік құралдар.
Қажетті құжаттар тізімі:
- университет басқарма төрағасының атына өтініш;
- жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атақтары туралы дипломдарының көшірмесі (куәландырылған,жаңадан қабылданатын оқытушылар үшін);
- соңғы 3 жыл ішінде кемінде 72 сағат көлемінде білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өткені жөніндегі сертификаттарының көшірмесі
- ғылыми еңбектер мен өнертабыстарының тізімі;
- №075 үлгісіндегі медициналық анықтама (жаңадан қабылданатын қызметкерлер үшін). Университет қызметкерлері конкурс өткізілетін уақытта жұмысқа жіберу жайлы белгісі бар медициналық кітапшасын көрсетеді.
- соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама;
- конкурсқа қатысушының наркологиялық мекемеде есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
- конкурсқа қатысушының психоневрологиялық мекемеде есепте тұрмайтыны туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі (ғылыми еңбектер тізімі, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныс хат), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Бос лауазым орындарының конкурсына қатысу туралы өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей беріледі. Құжаттар 12.11.2025 ж – 26.11.2025 ж. сағ. 18.00 ге дейін университет сайтында қабылданады.
