Құрметті әріптестер!
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Құзыреттілік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары тізбесіне енгізілген келесі тақырыптар бойынша мектеп және колледж педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарына шақырады:
- «Құқық негіздері» пәнін оқыту әдістемесі»
- «ГАЖ және карта жасаудағы негізгі бағдарламалар»
Оқыту форматы: онлайн және офлайн (Microsoft Teams платформасы арқылы)
Курс ұзақтығы: 72 сағат (2 апта)
Қорытынды құжат: біліктілікті арттыру сертификаты.
Спикерлер:
«Құқық негіздері пәнін оқыту әдістемесі» курсы бойынша:
- Л.С. Серикова – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;
- Ж.А. Базаргалиева – аға оқытушы;
- А.К. Есенгазиева – аға оқытушы.
«ГАЖ және карта жасаудағы негізгі бағдарламалар» курсы боынша:
- Ә.Б. Кішібекова – «Биология, география, химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының оқытушысы, магистр.
Курс соңында тыңдаушылар:
- Оқытылатын пәндердің мазмұнын, құрылымын және оқытудың дидактикалық негіздерін меңгереді;
- Курс барысында әзірленген оқу материалдарын өз тәжірибесінде және жұмыс орнында қолдана алады;
- Оқу үдерісінде заманауи педагогикалық технологияларды тиімді пайдалана алады;
- Педагогикалық қызметінде критериалды бағалау жүйесін қолдана алады.
Байланыс үшін:
Адилханова Асем Алжановна
Тел.: 8 (7112) 50-41-51, +7 747 742 17 78
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекенжайы: Орал қаласы, Студенческая көшесі, 1.
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің №8 оқу ғимараты, Құзыреттілік орталығы, 303-кабинет.
