«М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі, 090000, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 162, мекенжайында орналасқан «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Қызметінің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету болып табылады.
Қызметінің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби тұрғыдан қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы, білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Мынадай тұлғалар конкурсқа қатыса алмайды:
- жиырма бес жасқа толмаған;
- бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
- өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;
- медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
- 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлемі 3х4 түрлі түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының еңбек жолы туралы мәліметтері;
- білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың түпнұсқаларын салыстырып тексеру үшін ұсына отырып, көшірмелері:
Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, Қазақстан Республикасының азаматтары – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері үшін шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда;
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;
- жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы жұмыс орны) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- құжаттарды ұсыну күнінен алты айдан аспайтын мерзім бұрын берілген № 075/у нысаны бойынша (бұрынғы 086у) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды);
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсыну күнінен бір жылдан аспайтын мерзім бұрын берілген психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсыну күнінен бір жылдан аспайтын мерзім бұрын берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды атқаруға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысына мына мекенжай бойынша ұсыну қажет: Орал қаласы, Назарбаев даңғылы, 162, 105-кабинет. Телефондар: 8 (7112) 25-00-70, 8-701-319-77-33; Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
