Құрметті әріптестер!
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Құзыреттілік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары тізбесіне енгізілген келесі тақырыптар бойынша мектеп және колледж педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарына шақырады:
- «Құқық негіздері» пәнін оқыту әдістемесі»
Тыңдаушылар санаты: Құқық негіздері пәнінің мұғалімдері
Сағат саны: 72
Оқыту нысаны: аралас
Оқыту тілі: қазақ
- «ГАЖ және карта жасаудағы негізгі бағдарламалар»
Тыңдаушылар санаты: мектеп мұғалімдері
Сағат саны: 72
Оқыту нысаны: аралас
Оқыту тілі: қазақ
- «AI-ді оқу үрдісінде қолдану»
Тыңдаушылар санаты: жалпы орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлері, білім беру менеджерлері
Сағат саны: 72
Оқыту нысаны: аралас
Оқыту тілі: қазақ
- «Python бағдарламалау тілі»
Тыңдаушылар санаты: жалпы орта білім беретін мектептердің «Информатика» пәні мұғалімдері
Сағат саны: 72
Оқыту нысаны: аралас
Оқыту тілі: қазақ
- «Бастапқы әскери дайындық: теориялық және практикалық негіздер»
Тыңдаушылар санаты: «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні оқытушы-ұйымдастырушылары
Сағат саны: 80
Оқыту нысаны: аралас
Оқыту тілі: қазақ
Курс соңында тыңдаушылар:
- Оқытылатын пәндердің мазмұнын, құрылымын және оқытудың дидактикалық негіздерін меңгереді;
- Курс барысында әзірленген оқу материалдарын өз тәжірибесінде және жұмыс орнында қолдана алады;
- Оқу үдерісінде заманауи педагогикалық технологияларды тиімді пайдалана алады;
- Педагогикалық қызметінде критериалды бағалау жүйесін қолдана алады.
Қорытынды құжат: біліктілікті арттыру сертификаты.
Байланыс үшін:
Тел.: 8 (7112) 50-41-51, +7 747 742 17 78
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекенжайы: Орал қаласы, Студенческая көшесі, 1.
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің №8 оқу ғимараты, Құзыреттілік орталығы, 303-кабинет.
