Бос лауазым: Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі

    «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ лауазымдарға конкурс жариялайды:

    Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі

    Қойылатын біліктілік талаптары:

    Жоғары білімі, ғылым кандидаты немесе философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесінің болуы. Басшылық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес. Жоғары оқу орнында жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті. Білім берудегі менеджмент саласында біліктілік арттырғаны жөнінде сертификатының болуы.

    Конкурсқа қатысу үшін  келесі құжаттарды тапсыру қажет:

    1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
    2. Жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі.
    3. Түйіндеме.

    4.Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі,  ғылыми дәрежесі туралы құжаттары мен біліктілік куәліктерінің  көшірмесі.

    1. Еңбек жолын растайтын құжатының көшірмесі.
    2. Алдын ала дәрігерлік тексеруден өткенін куәландыратын құжат.

    Бос лауазым орындарына конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күн, 2020 жылдың 3 қарашасына  дейін .

    Құжаттарды мына мекен-жайға жіберуге және жолығуға болады:

    090000 Орал қ-сы, Н.Назарбаев даңғылы 162, ҚР БҒМ «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ, бас ғимарат, әкімшілік бөлімі (8-711-2) 50 - 86 – 11, электронды пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз