Барлық білім беру бағдарламалары бойынша 1 курс студенттері үшін оқу сабақтары 2021 жылдың 18 қантарынан аралас оқыту форматында ұйымдастырылады (дәрістер - онлайн, санитарлық режим және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, қолданбалы сипаттағы семинарлар, зертханалық және практикалық сабақтар - күндізгі форматта).
COVID-19, өкпе пневмониясы немесе басқа да вирустық аурулар белгілері болған жағдайда студенттер қашықтықтан оқу форматында оқытуды жалғастыру жөніндегі өтінішін дәлелдейтін құжаттармен бірге жолдайды. Келіп түскен өтініштерді сапаны қамтамасыз ету комитеті қарап, қабылдаған шешімді білім алушылардың қаперіне жеткізеді.
Ағымдағы оқу жылының екінші семестрінде 2 және 4 курстарда оқу форматы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға байланысты шектеу шаралары кезеңінде жоғары оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдарға сәйкес бұрынғыдай, яғни 2020-2021 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағыдай форматта сақталады.
Жатақханаға орналасуды қажет ететін барлық білім алушылар үшін бөлмелердің 50% толымдылығына сәйкес орындар беріледі. Жатақханада тұратын білім алушылар санитарлық-эпидемиологиялық режим (СЭР) талаптарына сәйкес жатақханада тұру режимін қатаң сақтауы тиіс.
М.Өтемісов атындағы БҚУ академиялық қызмет департаменті