«М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ университеттің ішкі аудит қызметі басшысының лауазымына конкурс жариялайды
Қойылатын біліктілік талаптары:
- Бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе қаржы, экономика салаларында жоғары кәсіби білімі, жоғары оқу орындарындағы білім беру үрдісінің ерекшеліктерін білуі және қосымша арнайы дайындығы болуы.
- Жоғары оқу орындарындағы аудит және/немесе бухгалтерлік есеп саласындағы жұмыс тәжірибесі – мүмкіндігінше.
- Басшы қызметінде және/немесе ұйымның ішкі аудиті қызметінде жұмыс тәжірибесі – мүмкіндігінше.
- Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын білуі. Әдеп кодексі мен Стандарттарды білу.
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, соның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу мәселелерін білуі.
Университеттің ішкі аудит қызметінің жұмыскері
Қойылатын біліктілік талаптары:
- Бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе қаржы, экономика салаларында жоғары кәсіби білімі, жоғары оқу орындарындағы білім беру үрдісінің ерекшеліктерін білуі және қосымша арнайы дайындығы болуы.
- Жоғары оқу орындарындағы аудит және/немесе бухгалтерлік есеп саласында жұмыс тәжірибесі – мүмкіндігінше.
- Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын білуі. Әдеп кодексі мен Стандарттарды білу.
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, соның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу мәселелерін білуі.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі.
- Түйіндеме.
- Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі, ғылыми дәрежесі туралы құжаттары мен біліктілік куәліктерінің көшірмесі.
- Еңбек жолын растайтын құжатының көшірмесі.
- Алдын ала дәрігерлік тексеруден өткенін куәландыратын құжат.
Университеттің ішкі аудит қызметінің басшысы бос лауазым орнына конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күн, 2021 жылдың 16 ақпанға дейін .
Құжаттарды мына мекен-жайға жіберуге және жолығуға болады:
090006 Орал қ-сы, Достық даңғылы 162, ҚР БҒМ «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» РМК, бас ғимарат, кадрлар бөлімі (8-711-2) 50 - 86 – 11, электрондық пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.