Кафедра оқытушыларына: мектепке дейінгі және бастауышта білім беру (2); шетел тілдері (2); орыс филология (2); физика (2); Қазақстан Республикасының тарихы (1): хореография және мәдени-тынығу жұмысы (1).
Біліктілік талаптары: жоғары (арнайы) және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы және/немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы.
- соңғы 3 жылда жарияланған ғылыми еңбектері: ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдардағы 3 мақалалар (тезистер емес); шетелдік ғылыми басылымдарда, ғылыми-практикалық конференцияларда (халықаралық, республикалық, аймақтық).
Қажетті құжаттар тізімі:
- университет Басқарма төрағасының-ректордың м.а. атына жазылған өтініш;
- кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
- өмірбаян;
- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілік арттыруы туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі;
- № 086 нысандағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11304 тіркелген) (бұдан әрі - №272 бұйрық) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- №272 бұйрықпен бекітілген «Психоневорологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневорологиялық ұйымның анықтамасы;
- профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);
- кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.
Бос лауазымдарға арналған конкурсқа өтініштер хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей беріледі.
Құжаттарды мына мекен-жайда қабылданады:
Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы, 162, 106-бөлме, 27 тамыз 2021 ж. сағат 18.00-ге дейін.
Байланыс телефоны: 8 (7112) 50-86-11