Декан: Мәденит және өнер факультеті (1).
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (арнайы) және / немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, академиялық және / немесе ғылыми дәреженің болуы, білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, сертификаттың (сертификат) болуы біліктілікті арттыру курстарының аяқталуы.
Кафедра меңгерушілері: Дене тәрбиесі (1), Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру (1), қазақ филологиясы (1), Қазақстан Республикасының тарихы (1), Бейнелеу өнері және дизайн (1).
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (арнайы) және / немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми немесе ғылыми дәрежесінің болуы, жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Қажетті құжаттар тізімі:
- университет Басқарма төрағасының-ректордың м.а. атына жазылған өтініш;
- кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
- өмірбаян;
- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілік арттыруы туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі;
- № 075 нысандағы медициналық анықтама;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11304 тіркелген) (бұдан әрі - №272 бұйрық) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- №272 бұйрықпен бекітілген «Психоневорологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневорологиялық ұйымның анықтамасы;
- профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);
- кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.
Бос лауазымдарға арналған конкурсқа өтініштер хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей беріледі.
Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:
Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы, 162, 108-бөлме, 31 қаңтар 2022 ж. сағат 18.00-ге дейін.
Байланыс телефоны: 8 (7112) 50-86-11