«М.Өтемісов атындағы БҚУ» КЕАҚ лауазымдарға конкурс жариялайды

    1. Сапа және аккредиттеу бөлімінің жетекшісі

    Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын сақтау, білім беру стандарттарын білу, білім беру ұйымдарында тексеру жүргізу бойынша тәжірибесі, сапа менеджменті жүйесін білу; 5 жыл кәсіби тәжірибесі.

     

    2. Мемлекеттік сатып алу және материалдық қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі

    Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары экономикалық білім, мемлекеттік сатып алу саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, соңғы 3 жылдағы мемлекеттік сатып алу саласында біліктілігін арттыру туралы сертификаттар.

     

    3. Мансап және жұмыспен қамту орталығының жетекшісі

    Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білім, жұмыс өтілі жоғары оқу орындарында 3 жылдан кем емес.

     

    Конкурсқа қатысу үшін  келесі құжаттарды тапсыру қажет:

    1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    2. Жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
    3. Түйіндеме;
    4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі,  ғылыми дәрежесі туралы құжаттары мен біліктілік куәліктерінің  көшірмесі;
    5. Еңбек жолын растайтын құжатының көшірмесі;
    6. Алдын ала дәрігерлік тексеруден өткенін куәландыратын құжат.

     

    Бос лауазым орындарына конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күн, 2022 жылдың 1 маусымына  дейін.

     

    Құжаттарды мына мекен-жайға жіберуге және жолығуға болады:

    090000 Орал қ-сы, Н.Назарбаев даңғылы 162, ҚР БҒМ «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕАҚ, бас ғимарат, әкімшілік бөлімі  каб.№108 (8-711-2) 50 - 86 -11, электронды пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз