«М.Өтемісов атындағы БҚУ» КЕ АҚ университеттің комплаенс-офицер лауазымына конкурс жариялайды

    Қойылатын біліктілік талаптары:

    1. Жоғары заңгерлік білімі
    2. Құқық қорғау органдарындағы кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі
    3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде жұмыс тәжірибесі – мүмкіндігінше.
    4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. 

    Конкурсқа қатысу үшін  келесі құжаттарды тапсыру қажет:

    1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
    2. Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі.
    3. Түйіндеме.
    4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі,  ғылыми дәрежесі туралы құжаттары мен біліктілік куәліктерінің  көшірмесі.
    5. Еңбек жолын растайтын құжатының көшірмесі.
    6. Алдын ала дәрігерлік тексеруден өткенін куәландыратын құжат.

    Университеттің комплаенс – офицер лауазымына конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күн, 2022 жылдың 8 шілдеге дейін. 

    Құжаттарды мына мекен-жайға жіберуге және жолығуға болады:

    090006 Орал қ-сы, Н.Назарбаев даңғылы 162, «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ, әкімшілік бөлімі (8-711-2) 50 - 86 – 11, электрондық пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз