М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті педагогикалық білімі жоқ, тиісті бейін бойынша педагог кәсіби қызметіне алғаш рет кіріскелі отырған тұлғалар үшін педагогтік қайта даярлау курстарына тыңдаушыларды қабылдау басталғандығы туралы хабарлайды.
Тыңдаушыларды қабылдау келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:
- Биология;
- Химия;
- География;
- Педагогика және психология;
- Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
- Қазақ тілі мен әдебиет;
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;
- Орыс тілі мен әдебиеті;
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;
- Шетел тілі: екі шетел тілі;
- Математика;
- Физика;
- Информатика;
- Тарих;
- Дене шынықтыру және спорт;
- Бастапқы әскери және дене шынықтыру дайындығы;
- Мектептегі көркем еңбек және дизайн;
- Музыкалық білім.
Курсқа түсушілер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
1) еркін нысанда жазылған ЖОО басшысының атына өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
6) келесі құжаттардың біреуі тапсырылуы керек:
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 292 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 мамырда № 18764 болып тіркелген) бекітілген педагогтің кәсіби стандартының (бұдан әрі – педагогтың кәсіби стандарты) 5-ші деңгейіне сәйкес оқу нәтижелері көрсетілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат;
- педагогтің кәсіби стандартының 6-деңгейіне сәйкес оқу нәтижелері көрсетілген жоғары білім туралы құжат;
- педагогтің кәсіби стандартының 7-ші деңгейіне сәйкес оқу нәтижелері көрсетілген жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжат.
Сонымен қатар, осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылуы тиіс. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар иелеріне қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, қабылдау комиссиясының хатшысы құжаттарды кейін қайтарады.
Құжаттарды қабылдау Біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығында 2022 жылдың 22 тамызнан бастап 22 қырқүйекке дейін Орал қаласы, Студенческая көшесі, 1 (№8 оқу ғимараты), 303 кабинетте жүргізіледі.
Курстар тиісті білім беру бағдарламасы мен оқыту тілі бойынша топтардың қалыптасуына қарай жүргізілетін болады.
Қосымша ақпаратты Біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығының жетекшісі Телагисова Дарина Шаумуратқызынан, әдіскері Адилханова Асем Алжанқызынан 87774264420, 8(7112)50-41-51 телефондар арқылы немесе Орал қаласы, Студенческая көшесі, 1, 303 кабинеттен алуға болады.