Сапа және аккредиттеу бөлімінің жетекшісі
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын сақтау, білім беру стандарттарын білу, білім беру ұйымдарында тексеру жүргізу бойынша тәжірибесі, сапа менеджменті жүйесін білу; 5 жыл кәсіби тәжірибесі.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
3. Түйіндеме;
4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі, ғылыми дәрежесі туралы құжаттары мен біліктілік куәліктерінің көшірмесі;
5. Еңбек жолын растайтын құжатының көшірмесі;
6. Алдын ала дәрігерлік тексеруден өткенін куәландыратын құжат.
Бос лауазым орындарына конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күн, 2022 жылдың 28 тамызға дейін.
Құжаттарды мына мекен-жайға жіберуге және жолығуға болады:
090000 Орал қ-сы, Н.Назарбаев даңғылы 162, ҚР БҒМ «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕАҚ, бас ғимарат, әкімшілік бөлімі каб.№108 (8-711-2) 50 - 86 -11, электронды пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..