«М.Өтемісов атындағы БҚУ» КЕАҚ бос лауазым орындарына конкурс жариялайды

    Кафедра меңгерушісіне: Педагогика және психология (уақытша), дене тәрбиесі, физика, информатика, орыс филологиясы, бейнелеу өнері және дизайн.

    Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (арнайы) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; білім беру ұйымдарында немесе мамандық (бейін) бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі; соңғы 3 жылда білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы; Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасын білуі. Білім беру бағдарламаларын дамыту жоспары.

     

    Кафедраларының қауымдастырылған профессор (доцентіне): мектепке дейінгі және бастауыш білім беру, физика, математика;

    Біліктілікке қойылатын талаптар:

    - жоғары (арнайы) және / немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

    - академиялық дәрежесінің (ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша докторы) немесе философия докторы академиялық дәрежесінің (PhD), бейінді докторы немесе философия докторы дәрежесінің (PhD) болуы;

    - "қауымдастырылған профессор (доцент)" ғылыми атағының болуы;

    - ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар немесе өнер мамандықтарының қауымдастырылған профессоры (доценті) үшін мынадай шығармашылық жетістіктер ескеріледі: халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары немесе студенттер арасында лауреаттар дайындаған.

     

    Кафедралардың аға оқытушылары: педагогика және психология, дүниежүзілік тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер. 

    Біліктілікке қойылатын талаптар:

    - жоғары (арнайы) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, 3 жылдан кем емес ғылыми - педагогикалық жұмыс өтілі, оның ішінде оқытушы ретінде бір жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша (қызмет профилі) практикалық жұмыс тәжірибесі 5 жыл немесе ғылыми дәреженің болуы.

    - өнер мамандықтарының аға оқытушылары үшін мынадай шығармашылық жетістіктер ескеріледі: халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары немесе студенттер арасында лауреаттар дайындаған.

    Кафедра оқытушылары: дүниежүзілік тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер.

    Біліктілікке қойылатын талаптар: мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе магистр академиялық дәрежесі болған кезде жоғары (арнайы) білім.

     

    Қажетті құжаттар тізімі:

    • университет Басқарма төрағасы-ректордың м.а. атына жазылған өтініш;
    • кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
    • өмірбаян;
    • жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломы, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
    • қайта даярлау және біліктілік арттыруы туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
    • ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
    • № 075 нысандағы медициналық анықтама;
    • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
    • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11304 тіркелген) (бұдан әрі - №272 бұйрық) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
    • №272 бұйрықпен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневорологиялық ұйымның анықтамасы;
    • профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);
    • кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі.

    Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

    Бос лауазымдар конкурсына өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей беріледі.

    Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

    Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы, 162, 108-бөлме, 17 қазан 2022 ж. сағат 18.00-ге  дейін.       

    Байланыс телефоны: 8 (7112) 50-86-11

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз