«М.Өтемісов атындағы БҚУ» КЕАҚ бос лауазым орындарына конкурс жариялайды

    Кафедра оқытушылары: хореография және мәдени тынығу жұмысы, информатика, дене тәрбиесі кафедрасы.

    Біліктілікке қойылатын талаптар:

    - мамандығы бойынша кемінде 3 жыл өтілі және/немесе магистр академиялық дәрежесі болған кезде жоғары (арнайы) білім.

    - өнер мамандықтарының оқытушылары үшін мынадай шығармашылық жетістіктер ескеріледі: халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары немесе студенттер арасында лауреаттар дайындаған. 

    Қажетті құжаттар тізімі:

    • университет Басқарма төрағасының-ректордың атына жазылған өтініш;
    • кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
    • өмірбаян;
    • жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
    • қайта даярлау және біліктілік арттыруы туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
    • ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
    • № 075 нысандағы медициналық анықтама;
    • соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
    • наркологиялық ұйымынан конкурсқа катысушының есепте тұрмағаны туралы анықтамасы;
    • конкурсқа катысушының психоневрологиялық ұйымда тіркелмегені туралы анықтамасы;
    • кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі. 

    Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

    Бос лауазымдар конкурсына өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей беріледі.

    Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

    Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы, 162, 108-бөлме, 24 қараша 2022 ж. сағат 18.00-ге  дейін.       

    Байланыс телефоны: 8 (7112) 50-86-11

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз