Кафедра аға оқытушылары: педагогика және психология.
Біліктілікке қойылатын талаптар:жоғары (арнайы) және / немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, 3 жылдан кем емес ғылыми -педагогикалық жұмыс өтілі, оның ішінде оқытушы ретінде бір жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша (қызмет профилі) практикалық жұмыс тәжірибесі 5 жыл немесе ғылыми дәреженің болуы.
Қажетті құжаттар тізімі:
- университет Басқарма төрағасының-ректордың атына жазылған өтініш;
- кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
- өмірбаян;
- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілік арттыруы туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
- № 075 нысандағы медициналық анықтама;
- соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- наркологиялық ұйымынан конкурсқа катысушының есепте тұрмағаны туралы анықтамасы;
- конкурсқа катысушының психоневрологиялық ұйымда тіркелмегені туралы анықтамасы;
- кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.
Бос лауазымдар конкурсына өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей беріледі.
Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:
Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы, 162, 108-бөлме, 01 желтоқсан 2022 ж. сағат 18.00-ге дейін.
Байланыс телефоны: 8 (7112) 50-86-11