«Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Орал қаласы мен облыстың мектепке дейінгі мекемелері, мектептері мен колледждерінің педагогикалық қызметкерлері мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарына тыңдаушыларды қабылдау туралы хабарлайды. Курстардың ұзақтығы:
– 2 апта, сағат көлемі-72 академиялық сағат, оқу құны 20000 теңге (бір тыңдаушыға).
Оқыту форматы: офлайн және онлайн.
Сабақтың басталуы: курстар тиісті бағдарлама мен оқыту тілі бойынша топтардың қалыптасуына қарай жүргізілетін болады.
Біліктілікті арттыру курстарын бітірген адамдарға сертификат беріледі.
Тыңдаушыларды қабылдау келесі курстарға жүзеге асырылады:
- Инклюзивті білім беру;
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
- Әлеуметтік педагогика;
- Мектеп кабинетінің зертханашысы (физика, информатика, биология, химия).
Оқыту мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мақсатында алдын ала өтініш беруіңізді сұраймыз.
Қабылдау үшін тыңдаушылар келесі құжаттарды ұсынуы керек:
- өтінім (1-қосымша)
- жеке куәлік (көшірме)
- білім туралы диплом (көшірмесі)
- оқу ақысы туралы түбіртек.
Құжаттарды қабылдау Біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығында мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Орал қ., Студенттік көшесі, 1, (№8 оқу корпусы), 303 кабинет.
Қосымша ақпаратты Біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығының жетекшісі Дарина Шаумұратқызы Телагисовадан 87774264420, әдіскер Әсем Алжанқызы Әділхановадан 8(7112)50-41-51 телефондары арқылы немесе Орал қаласы, Студентская көшесі, 1, 303 кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.