Шаруашылық бөлімі жетекшісі
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары техникалық білім, білім беру ұйымдарындағы тиісті лауазымдарда 1 жылдан 3 жылға дейін жұмыс өтілі;
Компьютерді жетік меңгеруі, оның ішінде материалдық құндылықтарды есепке алу үшін компьютерлік бағдарламаларды пайдалану мүмкіндігі. Үміткердің ұйымдастырушылық қабілеті, коммуникативті дағдылары болуы, өзінің қызметі барысында мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелермен, әртүрлі ұйымдармен өзара әрекеттесіп жұмыс жасай білуі.
Конкурсқа қатысу үшін мына құжаттарды тапсыру қажет:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
3. Түйіндеме;
4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі, ғылыми дәрежесі туралы құжаттары мен біліктілік куәліктерінің көшірмесі;
5. Еңбек жолын растайтын құжатының көшірмесі;
6. Алдын ала дәрігерлік тексеруден өткенін куәландыратын құжат.
Бос лауазым орындарына конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күн, 2022 жылдың 21 желтоқсанына дейін.
Құжаттарды мына мекен-жайға жіберуге және жолығуға болады:
090000 Орал қ-сы, Н.Назарбаев даңғылы 162, «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕАҚ, бас ғимарат, әкімшілік бөлім №108 кабинет (8-711-2) 50 - 86 -11, электронды пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.