Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың әскери кафедрасында оқу үшін өтініштер қабылдау басталатынын хабарлаймыз. Өтініштерді Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың әскери кафедрасында 2023 жылғы 6 ақпаннан бастап 31 мамырға дейін күн сайын 221-кабинетте сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін қабылданады. Оқу үшін іріктеу жүзеге асырылады:
- запастағы офицерлер. Құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курста оқитын студенттерден қабылданады;
- запастағы сержанттар. Құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші (5 жылдық оқумен) курста оқитын студенттерден қабылданады
Конкурсқа қатысу үшін 24 жастан үлкен емес жастағы күндізгі оқу бөлімінің студенттері жіберіледі.
Әскери кафедрада оқуға ниет білдірген студенттердің міндетті түрде қалалық тіркеуі болуы және Орал қаласының ҚІЖБ-да (ХҚКО арқылы) әскери есепке тұруы тиіс.
Өздеріңізбен бірге алып келулеріңіз тиіс құжаттар:
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);
- Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі);
- Көлемі 3х4 2 фотосурет;
- Сәйкес нысан бойынша соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
- Спорттық жетістіктерді (бар болса) растайтын құжат;
- Факультет деканының қолы мен деканаттың мөрі қойылған студенттің ЖОО-да нақты оқуы туралы анықтама;
- А-4 форматты ақ қағаз – 3 дана.
Барлық сұрақтар бойынша әскери кафедраға жолығыңыз немесе 8-7112-50-16-57 телефонына хабарласыңыз.