Педагогикалық қайта даярлау курстарына тыңдаушыларды қабылдау туралы хабарландыру

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті PR0011 Педагогикалық қайта даярлау білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық білімі жоқ, педагог кәсіби қызметіне алғаш рет кіріскелі отырған тұлғаларды төмендегі бейіндерге сәйкес   курсқа қабылдайды:

    1. Биология;
    2. Химия;
    3. География;
    4. Педагогика және психология;
    5. Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
    6. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
    7. Қазақ тілі мен әдебиет;
    8. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;
    9. Орыс тілі мен әдебиеті;
    10. Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;
    11. Шетел тілі: екі шетел тілі;
    12. Математика;
    13. Физика;
    14. Информатика;
    15. Тарих;
    16. Дене шынықтыру және спорт;
    17. Бастапқы әскери және дене шынықтыру дайындығы;
    18. Мектептегі көркем еңбек және дизайн;
    19. Музыкалық білім.

    Курсқа түсушілер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

    1) еркін нысанда жазылған ЖОО басшысының атына өтініш;

    2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3)келесі білімі туралы құжаттардын біреуі тапсырылуы керек  (көшірмесі):

    - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 292 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 мамырда № 18764 болып тіркелген) бекітілген педагогтің кәсіби стандартының (бұдан әрі – педагогтың кәсіби стандарты) 5-ші деңгейіне сәйкес оқу нәтижелері көрсетілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат;

    - педагогтің кәсіби стандартының 6-деңгейіне сәйкес оқу нәтижелері көрсетілген жоғары білім туралы құжат;

    - педагогтің кәсіби стандартының 7-ші деңгейіне сәйкес оқу нәтижелері көрсетілген жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжат.

    Сонымен қатар, осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылуы тиіс. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар иелеріне қайтарылады.

    4) 3x4 сантиметр көлеміндегі екі фотосурет;

    5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

    Көрсетілген құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, қабылдау комиссиясының хатшысы құжаттарды кейін қайтарады.

    Қайта даярлау курстары күндізге бөлемде жүргізіледі.

    Курстар оқу тіліне (қазақ, орыс) сәйкес және топтың жасақталуына қарай өткізілді.

    Педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасын меңгеру қорытынды аттестациясымен аяқталады.

    Педагогикалық қайта даярлау бағдарламасын сәтті аяқтаған тындаушыларға Педагогикалық қайта даярлау ережесінде көрсетілген нысан бойынша ЖОО сертификаты беріледі.

    Құжаттарды қабылдау Біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығында  2023 жылдың 15 тамызнан бастап 30 қырқүйекке дейін Орал қаласы, Студенческая көшесі, 1 (№8 оқу ғимараты), 303 кабинетте жүргізіледі.

    Қабылдау ережелері мен қажетті құжаттар тізімі университеттің https://wku.edu.kz сайтында орналастырған

    Қосымша ақпаратты Біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығының жетекшісі Телагисова Дарина Шаумуратқызынан 87774264420 үялы телефоны,  әдіскері Адилханова Асем Алжанқызынан  8(7112)50-41-51 телефон арқылы немесе Орал қаласы, Студенческая көшесі, 1, 303  кабинеттен алуға болады.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз