VI Nobel Fest фестивалі

    Достар, осы күзде Астана қаласында кезекті Nobel Fest фестивалі өтеді.

    ✨ Nobel Fest – Нобель сыйлығының лауреаттары, ғаламдық сарапшылар мен бизнес-лидерлердің қатысуымен өтетін әлемдік технологиялық, ғылыми және білім беру фестивалі.  Нобель сыйлығының лауреаттарымен, көрнекті ғалымдармен, эксперттермен пікір алмасуға мүмкіндік беретін бірегей алаң. Нобель фестивалінің негізгі миссиясы – ғаламдық білім беру мен ғылымды әлемнің кез келген жерінде қолжетімді ету. Nobel Fest аясында 4 күн бойы студенттер мен жас ғалымдарға Нобель сыйлығының иегерлерімен пікір алмасып, олардың дәрістері мен ойларын тыңдауға мүмкіндік беретін платформа жұмыс жасайды.

    ✨ Nobel Fest-тің негізгі ерекшелігі – бұл инклюзивтілік. Онлайн форматта өтетін іс-шараға әлемнің кез келген жерінен барлық қоғам мүшелері қатыса алады. Мүмкіндігі шектелген тұлғалар да фестиваль шараларын тамашалауға мүмкіндік алады. Биылғы VI Nobel Fest тақырыбы - "Цифрлық апгрейд"

    Фестиваль аясында келесі спикерлер сөз сөйлейді:

    • Джеймс Хекман - 2000 жылғы Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, экономика профессоры, Экономика мен адами капиталды дамыту орталығының директоры.
    • Герд Леонгард – Әлемге әйгілі футуролог, болашақ технологияларды болжау жөніндегі басты мамандардың бірі (Wired).
    • Андреас Шляйхер – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ОЭСР) білім беру және дағдыларды игерту жөніндегі директоры. Неміс математигі, статистик-маман, білім беру саласын зерттеуші ғалым.
    • Вивек Вадхва – Жоғары технологиялар саласындағы ең беделді қырық адамның бірі (TIME Tech 40 нұсқасы бойынша). Әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттер, оның ішінде Гарвард, Стэнфорд, университет Карнеги-Меллон және т.б. оқу орындарында сабақ берген ғалым
    • Джейкоб Френкель - "Отыздық тобы" G30 халықаралық экономистер тобының Төрағасы және басқа да танымал ғалымдар мен сарапшылар қатысады

    Барлық спикерлер тізімі мен іс-шара бағдарламасын https://nobel-fest.org/ сайтынан алуға болады

    Фестиваль Астана қаласында 5-6 қазан күндері өтеді. Фестивальға оффлайн және онлайн түрде қатысуға болады. Фестивальға Nobel Fest сайты арқылы тіркелесіздер.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз