Білім беру бағдарламаларының жетекшілері: тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау; тіл, әдебиет және ақпарат; шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау.
Біліктілік талаптары: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі; ғылыми-педагогикалық немесе БББ бағытына сәйкес кәсіби қызметінің бағыты бойынша ұйымдарда 3 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы; білім беру саласындағы НҚА білуі; білім беру бағдарламаларын дайындау тәжірибесінің болуы; 2-ден кем емес білім беру бағдарламасын дамыту бағдарламасының болуы.
Қажетті құжаттар тізімі:
- университет басқарма төрағасының атына өтініш;
- кадрлар жөніндегі жеке іс парағы;
- өмірбаяны;
- жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атақтары туралы дипломдарының көшірмесі (жаңадан қабыл-данатын қызметкерлер үшін нотариалды бекітілген);
- соңғы 5 жылдағы біліктілік арттыру және қайта даярлаудан өткені жөніндегі сертификаттарының көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін сертификаттың түпнұсқасы;
- ғылыми еңбектер мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);
- №075 үлгісіндегі медициналық анықтама (жаңадан қабылданатын қызметкерлер үшін). Университет қызметкерлері конкурс өткізілетін уақытта жұмысқа жіберу жайлы белгісі бар медициналық кітапшасын көрсетеді.
- соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама;
- конкурсқа қатысушының наркологиялық мекемеде есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
- конкурсқа қатысушының психоневрологиялық мекемеде есепте тұрмайтыны туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі (ғылыми еңбектер тізімі, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныс хат), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Бос лауазым орындарының конкурсына қатысу туралы өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей беріледі.
Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:
090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы,
Орал қ., Н.Назарбаев даңғ., 162, 108-кабинет, 2023 ж. 13 қараша сағ.18.00-ге дейін
Байланыс телефоны: 8 (7112) 50-86-11