Freedom Grants білім гранттарына өтініштер қабылдау басталды

Достар, керемет жаңалық! Бүгін Freedom Grants* білім беру жобасы басталды ✨

Жаңа жоба аясында Freedom Bank университетімізге қосымша білім гранттарын береді. Конкурсқа кемінде 75 балл жинаған үміткерлер қатыса алады.

Freedom Bank-тің грантына үміткер болу үшін сізге қажет: 

1) 1 - 13 тамыз – университетіміздің қабылдау комиссиясына өтініш және ҰБТ сертификатын беру;

2) 14 - 18 тамыз – Instagram-да Банктің  парақшасын @bankffin.kz белгілей отырып, #FreedomGrants хештэгімен пост немесе рилс жариялау. Оның ішінде сіз өзіңіз туралы айтып, оқығыңыз келетін университетті атаңыз, неліктен осы немесе басқа мамандықты таңдағаныңызды және өз аймағыңызды қалай жақсартқыңыз келетінін түсіндіруіңіз керек;

3) 21 тамыз – Freedom Grants иегерлері кездейсоқ сандар генераторы арқылы Банктің ресми парақшасында @bankffin.kz тікелей эфирде анықталады.

Конкурсқа келесі факультеттердің мамандықтары қатысады:

Факультет

Білім беру бағдарламалары

Курс

Оқу ұзақтығы

1

Тарих, экономика және құқық

6В04108 Экономика және менеджмент

1

4 жыл

2

Тарих, экономика және құқық

6В11101 Туризм

1

4 жыл

3

Тарих, экономика және құқық

6В04111 Есеп және аудит

1

4 жыл

4

Тарих, экономика және құқық

6В04105 Қаржы

1

4 жыл

5

Физика-математика

6В01518 Информатика және робототехника

1

4 жыл

*Freedom Grants - талапкерлерге арналған байқау және білім беру грантының иегері болу мен еліміздің үздік университеттерінде тегін білім алу мүмкіндігі.

✅ Толық шарттарды профиль тақырыбындағы сілтеме немесе https://grants.freedombank.kz сайтында, сондай-ақ университеттің қабылдау комиссиясында қараңыз.

Байқау шаттары

File name: jart-fin.pdf

25480 481

Сауалнама

File name: anketa-fin24.docx

25477 490

 

Біздің мекенжай

Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Байланыста болыңыз