Ғылым және ЖОО-дан кейінгі дайындық бөлімі ХАБАРЛАЙДЫ: «Жылдың үздік оқытушысы» конкурсының І кезеңі университет қабырғасында өтетін болғандықтан, төмендегі бұйрық бойынша мынадай талаптарға сай келетін;
1) ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатындар;
2) Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі барлар.
Оқытушылар деканаттарыңыз арқылы ұсынылып, қатыса аласыздар.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) бойынша келесіні хабарлайды.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы туралы қағида» (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген. «Үздік ғылыми қызметкер» атағының иегерлері соңғы он жылда аталған конкурсқа қатыспайды.
Конкурсқа қатысу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер өз құжаттарын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ақпараттық жүйесі арқылы тапсырады.
Конкурстың I кезеңі 2023 жылдың 1 қарашасынан басталып, 2024 жылдың 11 қарашаға дейін жалғасады.
Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (universitycontest2024.iac.kz) келесі құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы мәліметтер);
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі 11-15 қараша аралығында өткізіледі.