«М.Өтемісов атындағы БҚУ университеті» КеАҚ бос лауазым орындарына конкурс жариялайды

    Мәдениет және өнер факультетінің деканы

    Біліктілік талаптары:

    жоғары (арнайы) және / немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;  білім беру ұйымдарында басшы лауазымдарда немесе мамандығы (бейіні) бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі; соңғы 3 жылда білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы; Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасын білуі; факультеттің 3 жылға арналған даму бағдарламасының болуы.

    Қажетті құжаттар тізімі:

    • университет басқарма төрағасының атына өтініш;
    • жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атақтары туралы дипломдарының көшірмесі (жаңадан қабыл-данатын қызметкерлер үшін нотариалды бекітілген);
    • соңғы 3 жылдағы біліктілік арттыру және қайта даярлаудан өткені жөніндегі сертификаттарының көшірмесі
    • ғылыми еңбектер мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);
    • №075 үлгісіндегі медициналық анықтама (жаңадан қабылданатын қызметкерлер үшін).

    Университет қызметкерлері конкурс өткізілетін уақытта жұмысқа жіберу жайлы белгісі бар медициналық кітапшасын көрсетеді. 

    • соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама;
    • конкурсқа қатысушының наркологиялық мекемеде есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
    • конкурсқа қатысушының психоневрологиялық мекемеде есепте тұрмайтыны туралы анықтама.

    Конкурсқа  қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі (ғылыми еңбектер тізімі, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныс хат), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін  растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

    Бос лауазым орындарының конкурсына қатысу туралы өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей беріледі.

    Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

    090000, Қазақстан Республикасы,  Батыс Қазақстан облысы,

    Орал қ., Н.Назарбаев даңғ., 162, 108-кабинет, 2025 ж. 24 қантар сағ.18.00-ге дейін

    Байланыс телефоны:  8 (7112) 50-86-11

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз