«Күміс университеті»

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті «Күміс университеті» жобасы аясында жұмыстарын жалғастырып, білім беру курстарының кең таңдауларын ұсынады!

    Егер сіз оқып, дамып, өзіңіз үшін жаңа мүмкіндіктер ашқыңыз келсе және пікірлес адамдармен араласқыңыз келсе, «Күміс университеті» – дәл сізге арналған! Біз 50 жастан асқан азаматтарды тегін білім беру бағдарламаларымызға қатысуға шақырамыз.

    Сіздерге келесі курстар ұсынылады:

    • «Үстел теннисі»
    • «Скандинавиялық жүріс»
    • «Ұзақ өмір сүру стратегиясы»
    • «Көркем керамика»
    • «Елтану»
    • «Академиялық кескіндеме»
    • «Тоғызқұмалақ – ежелгі мұра»
    • «Би өнері»
    • «Цифрлық технологиялар негіздері»
    • «Бизнес негіздері»

    Курстарды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің тәжірибелі оқытушылары жүргізеді.

    • Оқу форматы: офлайн
    • Ұзақтығы: 24–36 академиялық сағат
    • Оқыту тілі: қазақ және орыс тілдері (топ жасақталғанына байланысты)
    • Оқу тегін!

    Құжаттарды қабылдау: 2025 жылғы 10 ақпан – 3 наурыз аралығы
    Қайда өтініш беруге болады: Орал қаласы, Студенттер көшесі, 1, (№8 оқу ғимараты), 303-кабинет.
    Анықтама телефоны: 50-41-51.

    Өзіңізге білім алуға, дамуға және өмірден ләззат алуға мүмкіндік сыйлаңыз! Сіздерді «Күміс университетінде» күтеміз!

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз