М.Өтемісов атындағы БҚУ КеАҚ бос лауазым орындарына конкурс жариялайды

     

    Білім саласындағы оқытушы, қауымдастырылған профессор (доцент), 8, 8.2 білім беру бағдарламалары: Шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламалары; мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламалары; бизнес, басқару және туризм білім беру бағдарламалары;  тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламалары.

    Біліктілік талаптары:

    СБШ бойынша біліктілік деңгейі

    8-деңгей

    СБШ бойынша біліктіліктің кіші деңгейі

    8.2 ("ғылым кандидаты", "ғылым докторы" ғылыми дәрежесімен, "философия докторы (PhD) (Пейджди) / бейіні бойынша доктор" дәрежесімен / өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы құрметті атағы және (немесе) мемлекеттік наградасы бар)

    Кәсіптік білім деңгейі

    Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық докторантура) жоғары білім, маман

    Формальды емес және информальды біліммен байланыс

    біліктілікті көтеру курстары практикалық тәжірибе

    Кәсіптің басқа мүмкін атаулары

    2379-9 Б.т.к. білім саласындағы басқа да кәсіби мамандар

    Аға оқытушы/сеньор-лектор жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы / балама - жоғары және (немесе)

    жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура және докторантура), оқытушы лауазымында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 (үш) жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл және ғылыми дәрежесінің / өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы құрметті атағы және (немесе) мемлекеттік наградасы бар).

    Қауымдастырылған профессор (доцент) - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәрежесінің болуы, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 (бес) жыл.

    Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

    Мейірімділік, қарым-қатынас, эмпатия, стресске төзімділік, эмоционалды тепе-теңдік, кәсіби және әлеуметтік жауапкершілік, оқыту және зерттеу дағдыларын дамыту мүмкіндігі

    Басылымдарға қойылатын талаптар

    Соңғы 3 жылда кемінде 1 мақала Q1-Q4 Web of Science журналында немесе CiteScore бойынша 25 және одан жоғары пайыздық көрсеткіші бар Scopus базасындағы мақала,немесе РУМС грифі бар 1 оқу-әдістемелік басылымдары, немесе Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда кемінде 2 мақала.

     

    Білім саласындағы оқытушы, аға оқытушы/сеньор-лектор, 7, 7.2  білім беру бағдарламалары: Математика мен физика мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламалары; Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламалары.

    Біліктілік талаптары:

    СБШ бойынша біліктілік деңгейі

    7 - деңгей

    СБШ бойынша біліктіліктің кіші деңгейі

    7.2 (ғылыми дәрежесі жоқ)

    Кәсіптік білім деңгейі

    Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура) жоғары білім, маман

    Формальды емес және информальды біліммен байланыс

    біліктілікті арттыру курстары практикалық тәжірибе

    Кәсіптің басқа мүмкін атаулары

    2379-9 Б.т.к. білім саласындағы басқа да кәсіби мамандар

    Оқытушы/ Аға оқытушы /сеньор-лектор/ балама - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі

    білім (ғылыми-педагогикалық магистратура), ассистент лауазымында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 (үш) жыл немесе мамандығы

    (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл

    Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

    Мейірімділік, қарым-қатынас, эмпатия, стресске төзімділік, эмоционалды тепе-теңдік, кәсіби және әлеуметтік жауапкершілік, оқыту және зерттеу

    дағдыларын дамыту мүмкіндігі.

    Басылымдарға қойылатын талаптар

    -         Соңғы 3 жылда кемінде 1 мақала Q1-Q4 Web of Science журналында немесе CiteScore бойынша 25 және одан жоғары пайыздық көрсеткіші бар Scopus базасындағы мақала, немесе Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 1 мақала.

     

    Білім саласындағы оқытушы, ассистент, 7, 7.1  білім беру бағдарламалары: математика мен физика мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламалары; биология, химия ғылымдары және қоршаған орта білім беру бағдарламалары; мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламалары; бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламалары; әлеуметтік ғылымдар білім беру бағдарламалары; Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасы; дене тәрбиесі кафедрасы.

    Біліктілік талаптары:

    СБШ бойынша біліктілік деңгейі

    7-деңгей

    СБШ бойынша

    біліктіліктің кіші деңгейі

    7.1 (ғылыми дәрежесі жоқ)

    Кәсіптік білім деңгейі

    Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура) жоғары білім, маман

    Формальды емес және информальды біліммен байланыс

    біліктілікті арттыру курстары практикалық тәжірибе

    Кәсіптің басқа мүмкін атаулары:

    2379-9 Б.т.к. білім саласындағы басқа да кәсіби мамандар

    Ассистент / балама - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура), магистр дәрежесінің болуы

    Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

    Мейірімділік, қарым-қатынас, эмпатия, стресске төзімділік, эмоционалды тепе-теңдік, кәсіби және әлеуметтік жауапкершілік, оқыту және зерттеу дағдыларын дамыту мүмкіндігі

    Басылымдарға қойылатын талаптар

    - Соңғы 3 жылда  жарияланған ғылыми еңбектер : 3 мақала (тезистер емес) Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда және/немесе шетелдік ғылыми басылымдарда, және/немесе ғылыми-практикалық конференцияларда (халықаралық, республикалық, аймақтық) жарияланған немесе 2 мақала (тезистер емес) Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда және/немесе шетелдік ғылыми басылымдарда, және/немесе ғылыми-практикалық конференцияларда (халықаралық, республикалық, аймақтық) және 1-оқу-әдістемелік құралдар.

     

     

    Білім беру бағдарламаларының жетекшілері: бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламалары; музыка мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламалары.

     Біліктілік талаптары: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім,  Ғылыми-педагогикалық жұмыс немесе кәсіби қызмет бағытында ұйымдарда, ббб бағыттарына сәйкес болуы тиіс кемінде  3 жыл жұмыс тәжірибесі; білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді (НПА) білу, оқу бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесі, оқу бағдарламаларын дамыту бағдарламасын әзірлеу тәжірибесі. (білім беру бағдарламаларының әр деңгейі бойынша даму бағдарламаларын әзірлеу)

     

    Қажетті құжаттар тізімі:

    • университет басқарма төрағасының атына өтініш;
    • жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атақтары туралы дипломдарының көшірмесі (жаңадан қабыл-данатын қызметкерлер үшін нотариалды бекітілген);
    • соңғы 3 жылдағы біліктілік арттыру және қайта даярлаудан өткені жөніндегі сертификаттарының көшірмесі;
    • ғылыми еңбектер мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);
    • №075 үлгісіндегі медициналық анықтама (жаңадан қабылданатын қызметкерлер үшін).

    Университет қызметкерлері конкурс өткізілетін уақытта жұмысқа жіберу жайлы белгісі бар медициналық кітапшасын көрсетеді. 

    • соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама;
    • конкурсқа қатысушының наркологиялық мекемеде есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
    • конкурсқа қатысушының психоневрологиялық мекемеде есепте тұрмайтыны туралы анықтама.

    Конкурсқа  қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі (ғылыми еңбектер тізімі, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныс хат), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін  растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

    Бос лауазым орындарының конкурсына қатысу туралы өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей беріледі.

    Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

    090000, Қазақстан Республикасы,  Батыс Қазақстан облысы,

    Орал қ., Н.Назарбаев даңғ., 162, 108-кабинет, 2025 ж. 3-наурыз сағ.18.00-ге дейін

    Байланыс телефоны:  8 (7112) 50-86-11

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз