"KAZENERGY" қауымдастығы 2015 жылдан бастап ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №406 бұйрығымен бекітілген, Мердігерлер (NCOC N.V., ҚПО B.V.) бөлген қаражат есебінен оқыту үшін үміткерлерді іріктеу жөніндегі Комиссияның Жұмыс органы болып табылады.
Гранттық бағдарламаны жүзеге асырудың 10 жылы ішінде жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің оқуын төлеуге 14 000-нан астам өтінім қабылданды. Қаржыландыру алған студенттердің жалпы саны 5 500-ден асады, оның 59%-ы әлеуметтік осал топтарға жатады.
Осыған байланысты "KAZENERGY" қауымдастығы 2025–2026 оқу жылына Мердігерлер (NCOC N.V., ҚПО B.V.) бөлген қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу жөніндегі Конкурсқа (бұдан әрі – Конкурс) қатысу үшін өтінімдер 25 шілдеден 31 тамызға дейін қабылданатынын хабарлайды.
Қажетті құжаттар тізімі мен Конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат www.kazenergy.com сайтында (Қызмет – Білім беру бағдарламасы – Жерасты пайдаланушылар қаражаты есебінен оқыту) орналастырылған.