АРНАУЛЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕМТИХАН

    «Педагогикалық ғылымдар» білім саласындағы талапкерлерге арналған арнаулы емтихан шарттары
    Педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына оқуға түскісі келетін талапкерлер арнаулы емтихан тапсыруы тиіс. Аталған сынақтың мақсаты – оқуға тусушілердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындау. Бұл емтиханнан өтпеген талапкер педагогикалық мамандыққа тапсыра алмайды, бірақ таңдау пәні бойынша басқа мамандыққа тапсыруға құқығы бар. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін өтініш қабылдау және арнаулы емтихан өткізу М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің базасында 20 маусым мен 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Білім беру гранты байқауына қатысушылар арнаулы емтиханды 20 маусым мен 13 шілде аралығында тапсыруы қажет. Ал ақылы оқу түріне өтініш жазған талапкерлер арнаулы емтиханды 20 тамызға дейін тапсыра алады.Емтихан "Өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады.

    Айта кетейік, арнаулы емтиханды кез келген жоғары оқу орнынан тапсыруға болады, бірақ оқуға құжат тапсырғанда міндетті түрде арнаулы емтихан тапсырған анықтамасының түпнұсқасын әкелу керек.

    Педагогикалық мамандықтар тізімі:

    • 6В01101 Педагогика және психология
    • 6В01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
    • 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
    • 6В01802 Әлеуметтік педагогика
    • 6В01501 Математика
    • 6В01502 Математика-Физика
    • 6В01503 Математика-Информатика
    • 6В01504 Физика
    • 6В01505 Физика-Информатика
    • 6В01506 Информатика
    • 6В01518 Информатика және робототехника
    • 6В01507 Химия
    • 6В01508 Химия-Биология
    • 6В01509 Биология
    • 6В01526 Биология-География
    • 6В01510 География
    • 6В01512 География-Тарих
    • 6В01601 Тарих
    • 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
    • 6В01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
    • 6В01711 Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі
    • 6В01703 Орыс тілі мен әдебиеті
    • 6В01704 Орыс тілін оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
    • 6В01705 Шетел тілі: екі шет тілі(ағылшын және неміс тілдері/ағылшын және француз тілдері)

    ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті шығармашылық білім беру бағдарламаларының топтары бойынша  шығармашылық емтихандарға өтініштерді 20.06.2023 ж. - 07.07.2023 ж. аралығында қабылдайды.

    • В004 Бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдерін даярлау
    • В005 Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерін даярлау
    • В006 Музыка пәнінің мұғалімдерін даярлау
    • В007 Көркем еңбек және сызу пәнінің мұғалімдерін даярлау
    • В021 Орындаушылық өнер
    • В027 Театр өнері
    • В028 Хореография
    • В031 Сән, дизайны
    • В092 Тынығу

    Сайт: https://a.wku.edu.kz

    Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері
    09:00 - 18:30 аралығы

    Мекенжай: Н.Назарбаев даңғылы 162, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Бас ғимараты.

    Байланыс нөмірлері: 8 (7112) 50-44-20
    87715355516
    87051694030

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз