“Türkiye Bursları” мемлекеттік бағдарламасы

    Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті тарих, құқық және экономика факультетінің түлегі Альбина Жұмагазиева қазіргі таңда Түркия Республикасының Чанаккале қаласындағы Чанаккале Онсегіз Март мемлекеттік университетінің магистратура бөліміне оқуға түсті.

    Альбина 2025 жылы бакалавриат оқуын сәтті аяқтап, Түркия Республикасының “Türkiye Bursları” мемлекеттік бағдарламасы аясында грант иегері атанып, «Саясаттану және мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша білімін жалғастыруда.

    Бұл – оның табандылығы мен білімге деген құштарлығының, сондай-ақ университетімізде алған сапалы білімінің айқын нәтижесі. Шетелде білім алу – үлкен жауапкершілік пен зор мүмкіндік. Альбинаның алдағы оқу жолында жаңа жетістіктерге жетіп, халықаралық деңгейде білікті маман болып қалыптасатынына сеніміміз мол.

    Біз Альбинаға магистратурадағы оқуында зор табыс, ғылыми ізденістеріне сәттілік, жаңа белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз. Университетіміздің абыройын асқақтатып, еліміздің дамуына үлес қосатын маман болуына тілектеспіз!

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз