AI-Sana: М.Өтемісов атынд. БҚУ-де цифрлық ойлау мен инновацияны дамыту

    1. Студенттерді оқыту және дамыту.

    AI-Sana жобасы студенттерге жасанды интеллекттің заманауи технологияларын үйрететін негізгі алаңға айналды. Білім беру бағдарламасы тек теориялық негіздерді меңгеруге ғана емес, сонымен қатар оларды нақты мәселелерді шешуде қолдануға қажет практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

    AI-Sana инновациялық бағдарламасының 0-кезеңі аясында университеттің студенттері мен магистранттары Coursera, Huawei және Astana Hub сияқты жетекші халықаралық және отандық онлайн-платформаларда оқудан өтті. Студенттер ЖИ бойынша негізгі курстарды меңгерді, олардың қатарында: ChatGPT үшін Prompt-инженерия, Барлығына арналған генеративті ЖИ, Search and AI, Жасанды интеллектке шолу, «ChatGPT» ЖИ негіздері бар.

    Оқу нәтижесінде студенттерге барлығы 11760 сертификат берілді, бұл 100% сертификаттау деңгейін құрайды. Алынған білім студенттердің бойында сыни ойлауды, талдау қабілетін, сондай-ақ инженерлік және зерттеу міндеттерін шешуде креативті көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Көптеген қатысушылар жасанды интеллект технологияларын өздерінің ғылыми жұмыстарында, университет пен өңірдің цифрлық экожүйесін дамытуға бағытталған стартаптар мен жобаларда қолданып та жүр.

    1. Стартаптар мен инновациялық жобалар.

    AI-Sana жобасы студенттік кәсіпкерлік пен инновациялардың дамуына белсенді түрде қолдау білдіреді. Университет идеялар генерациясына арналған қолайлы экожүйе жасады: жетекшілік жүйесі, шеберлік сағаттарының сериясы, білім беру хакатондары және зерттеу зертханалары ұйымдастырылды, мұнда қатысушылар білім мен тәжірибені біріктіріп, нақты шешімдер жасай алады.

    Университеттің ең жарқын оқиғаларының бірі – студенттік «CAMPUS HACK 2025» хакатоны болды. Онда AI-Sana студенттерінің алғашқы стартаптары мен шағын жобалары мынадай бағыттарда ұсынылды:

    • білім беру және IT: чат-боттар, онлайн-тестілеу, оқу жетістіктерін қадағалайтын цифрлық трекерлер;
    • кампустың цифрлық инфрақұрылымы: сабақ кестесін, электронды балл жүйесін, онлайн-төлем мен тамақтануды басқару қосымшалары;
    • экология: қалдықтарды сұрыптау, велоинфрақұрылымды дамыту және энергия үнемдеу шешімдері.

    «CAMPUS HACK 2025» хакатонының қатысушылары

    1. Студенттердің аймақтық деңгейдегі жетістіктері.

    2025 жылдың 10 қазанында Орал қаласындағы Astana Hub – Batys Hub филиалында өткен Pitch Day West 2025 стартаптар байқауында университеттің физика-математика факультетінің студенттері жоғары нәтижелерге қол жеткізді:

    1-орын - Даутпаев Алишер, «JECTIVE» жобасы. Жобаның мақсаты – әр адам өз әлеуетін жүзеге асыра алатын, ғылыми және стартап мәдениеті дамитын кеңістік құру, ал академиялық орта жаңа технологиялардың, бизнес пен әлеуметтік өзгерістердің қайнар көзіне айналмақ.

    2-орын - Акбулатов Дулат, «ELVAC Project» жобасы - халықтың иммундалуын бақылауға арналған ақпараттық жүйе. Ол үш негізгі компоненттен тұрады: дәрігерге арналған қосымша, емделушіге арналған қосымша және деректер базасы.

    Бұл жеңістер студенттердің жоғары дайындық деңгейін көрсетеді және оқытуды, зерттеу мен инновацияны біріктіретін AI-Sana білім беру бағдарламасының тиімділігін дәлелдейді.     

    1. AI-Sana бағдарламасы аясында университетте бес цифрлық ЖИ-агент әзірленуде:
    • «Makhambet Talapker AI» ЖИ-агенті
    • «Оқытушының AI ассистенті» ЖИ-агенті
    • «Makhambet FaceID» ЖИ-агенті
    • «Makhambet AI Grant Finder» ЖИ-боты
    • «Академиялық жетекші» ЖИ-агенті

    AI-Sana жобасы университеттің цифрлық трансформациясының маңызды элементіне айналуда. Ол дарынды студенттерді, оқытушылар мен сарапшыларды біріктіре отырып, инновациялық ойлау мен Батыс Қазақстандағы технологиялық көшбасшылықты дамытудың негізін қалайды.

    Pitch Day West 2025 байқауының жеңімпаздары

     

    З.У. МукашеваМ.Өтемісов атындағы БҚУ қашықтықтан және

    онлайн оқыту орталығының жетекшісі

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз