Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда. Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі: - Құжаттарды қабылдау; - Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау; - Ситуациялық тапсырмаларды шешу; - Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат); - Сарапшылық комиссияда әңгімелесу; - Ұлттық комиссия отырысы. Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады. (https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/600945?lang=kk, https://t.me/qyzmet_news/757)