М.Өтемісов атындағы БҚУ Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы сіздер үшін білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, өнер, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар мен қызмет көрсету саласындағы жоғары білікті мамандарды таңдайды.
Біздің түлектердің деректер базасы сіз үшін жұмысқа қабылдау процесін жылдамдатады және жеңілдетеді және М.Өтемісов атындағы БҚУ-мен кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Жұмыс берушілерге арналған қызметтеріміз:
- университеттің ақпараттық орталықтарына ұйымыңыздағы бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларды дайындау және орналастыру;
- жұмыс беруші белгілеген іріктеу критерийлері бойынша жарияланған бос жұмыс орындарына кандидаттарды іріктеу;
- үшжақты келісім-шарттар жасау, мамандарды «толық аяқталған» негізде дайындау;
- бітіруші түлектер үшін «Мансап күнін» ұйымдастыру және өткізу, оның негізінде сіздің бос орындарға үміткерлерді таңдауға мүмкіндігіңіз болады;
- университет түлектеріменкездесулерөткізу.
Біздің жұмыс қағидаттары:
- көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;
- ынтымақтастықтыңөзара тиімді шарттары;
- серіктестіккелісімдергеадалжәнежауапкершілікпенқарау;
- бірлескеніс-шараларды жүзеге асырудағы ашықтықпен айқындық;
- екі жақты қатынастарды дамыту.
Мекен-жайы: Орал қ., Студенттік көш. 1, №8 ғимарат, 310-кабинет, Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы.