Құзыреттілік орталығы
Орталық туралы
Құзыреттілік орталығының жетекшісі: Телагисова Дарина Шаумуратовна
«М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Құзыреттілік орталығы Университет Жарғысы, Орталық туралы ереже негізінде әрекет етеді және стратегиялық даму және инновация департаментінің директорына тікелей бағынады.
Құзыреттілік орталығы – білім беру ортасына Ұлттық біліктілік жүйесінің құралдарын енгізу саласында әдіснамалық және консультациялық қолдау көрсету мақсатында құрылған «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕАҚ-ң құрылымдық бөлімшесі.
Орталық қызметінің мақсаты – экономика саласында да, білім беру саласында да үздіксіз кәсіби дамуды қамтамасыз ететін мамандарды оқытудың, сертификаттаудың және қайта даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Педагогикалық қызметті қоса алғанда, балалар мен ересектерге арналған бейресми білім беру бағдарламаларын дамытуға және қолдауға ерекше назар аударылады.
Құзыреттілік орталығының негізгі қызмет бағыттары:
- Әдістемелік және кеңестік қолдау:
- Білім беру ұйымдарына Ұлттық біліктілік жүйесінің базалық құралдарын енгізу үрдістерін сүйемелдеу;
- Әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және оқыту іс-шараларын жүргізу.
- Сыртқы серіктестермен өзара әрекеттесу:
- Білім беру және ғылыми қызметтердің әлеуетті тапсырыс берушілерімен ынтымақтастық байланыс тетіктерін дамыту;
- Салалық және жергілікті атқарушы органдармен, кәсіби қауымдастықтармен және жұмыс берушілермен ынтымақтастық.
- Біліктілікті арттыру және қайта даярлау:
- Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын ұйымдастыру;
- Кәсіби стандарттар мен біліктіліктерді, әсіресе педагогикалық қызмет салаларына енгізу және дамыту;
- Аймақтағымекемелердіңөзектіқажеттіліктерінесәйкесбілім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.
- Серіктестік желісін дамыту:
- Білім беру ұйымдары, кәсіпорындар және кәсіби бірлестіктермен байланыстарды нығайту;
- Кәсіби біліктілікті тану және дамыту бойынша жобаларды бірлесіп жүзеге асыру.
Құзыреттілік орталығы ғылым, жоғары білім беру, кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасай отырып әрекет етеді.
Орталықтың негізгі мақсаттары:
- біліктілік шеңберінде кәсіби деңгейді жетілдіру және (немесе) кәсіби қызмет үшін қажетті жаңа құзыреттілікті алу;
- оқытушыларды білім берудің жаңартылған мазмұнын, құрылымын және инновациялық технологияларын оқу процесіне енгізуге даярлау;
- университеттің бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттыру;
- білім беру процесінің менеджментін жетілдіру болып табылады.
Орталықтың қызметі келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
- педагогикалық және кәсіби шеберлікті арттыру, кәсіби құзыреттілікті меңгеру;
- ғылымның, прогрессивті техника мен технологияның заманауи жетістіктері негізінде теориялық және практикалық білімді тереңдету;
- оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын жетілдіру;
- кәсіптік білім берудің инновациялық технологияларын тарату және игеру;
- педагогикалық технологияларды жетілдіру және заманауи технологияларды енгізу;
- педагог кадрлардың жетекші кәсіби шеберліктерін, кәсіби-жеке қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың ғылыми әлеуетін арттыру;
- оқу процесін жетілдіру, ғылымның, техниканың және өндірістің озық жетістіктерін оқыту практикасына енгізу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу.
Негізгі бағыттары:
- біліктілікті арттырудың перспективалық жоспарына сәйкес оқытушыларды ҚР, Орталық және жақын және алыс шетел ЖОО-на жіберу;
- жоғары мектеп педагогикасының өзекті мәселелері, кредиттік оқыту технологиялары, компьютерлік технологиялар негіздері және т. б. бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшылары, ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері үшін курстық іс-шаралар ұйымдастыру;
- оқытушыларға мемлекеттік және шет тілдерін оқыту;
- мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері, қала мен облыстың мұғалімдері мен мектеп қызметкерлері, орта-арнайы, кәсіптік білім беру басшылары, кәсіпкерлер үшін курстық іс-шаралар ұйымдастыру;
- педагогикалық білімі жоқ, кәсіптік білімі бар азаматтарды қайта даярлау;
- түлектердің қосымша білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығы оқытудың келесі түрлерін пайдалана отырып бағдарламаларды іске асырады:
- қысқа мерзімді курстар;
- ұзақ мерзімді курстар
- онлайн курстар;
- тренингтер;
- семинарлар;
- вебинарлар;
- дайындық курстары;
- тілдік курстар.
Біліктілікті арттыру курстары оффлайн, сондай-ақ қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Мекен жайы: Орал қаласы, Студенческая көшесі, 1; №8 оқу ғимараты, 303 кабинет.
Телефон: 8 7112 50-41-51; 87774264420.
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.