Бөлім туралы
Мақсаты: білім беруді дамытудың қажеттіліктері мен перспективаларына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асырудағы білім беру процесі әдістемелік сүйемелдеу болып табылады.
Міндеттері:
- университеттің әдістемелік жұмысын үйлестіру және жүйелеу;
- оқытушылардың қызметтік және қоғамдық белсенділігін ынталандыру үшін педагогикалық кәсіби деңгейі мен шығармашылық әлеуетін арттыру
- педагогика саласындағы білімді жаңарту және жетілдіру;
- білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етіп, реттейтін нормативтік құжаттамаларды әзірлеу;
- қазіргі заманғы технологияларды білім беру процесіне ендіруді және пайдалануды ұйымдастыру және көмек көрсету;
- білім беру жүйесіндегі педагогикалық тәжірибені зерттеу, жүйелеу бағытталған әртүрлі аспектілі әдістемелік қызметті ұйымдастыру;
- университет бойынша әдістемелік қызмет туралы ақпаратты жинақтау және ұсыну;
- білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ететін ұйымдармен, тиісті білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарымен және басқа да мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Функциялар:
- университеттің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру, басшылық жасау, әдістемелік жұмысының жоспарын дайындау мен жүзеге асыруға
- білім берудегі жаңа үрдістерге мониторинг жүргізу, білім берудегі жаңа білім беру технологиялары мен әдістемелерін енгізу;
- университеттің академиялық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;
- әдістемелік жұмыстың ағымдағы және перспективалық жоспарлауын жүзеге асырады;
- ПОҚ арасында әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыру, білім беру үдерісін дамыту, жаңа технологияларды енгізу және қолданыстағы технологияларды әдістерді, құралдарды мен формаларды жетілдіру;
- оқытушының шығармашылық ой-өрісін дамыту, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және кәсіби дағдыларын жетілдіру, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік әлеуетін арттыру.
- озық педагогикалық тәжірибе мен инновациялық технологияларды меңгеру, талдау, оларды білім беру практикасына енгізу (эксперименталды жұмыс барысында), ішкі және сыртқы пайдалану үшін баспа жұмыстарына жариялау, оқытушылық құрамның ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларын ұйымдастыру .
- педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, оқу әдістемелік жұмыстарды дайындау мен өткізу кезінде педагогикалық қызметкерлердің бастамаларына көмек көрсету;
- өзара сабаққа қатысу, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау;
- ПОҚ-ға оқу-әдістемелік әдебиеттерді, электронды оқу құралдары мен басқа электронды оқу-әдістемелік басылымдарды, әдістемелік әзірлемелер мен оқу құралдарын шығарту;
- озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату және білім беруді ақпараттандыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
- университетте әдістемелік қызметтің барлық түрлерін регламенттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу;
- оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік конференциялар, семинарлар, вебинарлар ұйымдастыру және өткізу;
- кадрларды даярлаудың жеке және кәсіптік маңызы бар қасиеттеріне қойылатын талаптарды қалыптастыру.
Бөлім қызметкерлері: жетекші, аға сарапшы, сарапшы, әдіскер
Мекен-жайы: Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162, ғимарат №1, 107 кабинет.
Телефон: +7(7112) 51-19-91,
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.