Тыңдалым
Жолдау зор ықыласпен тыңдалды
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауы теледидар арқылы еліміздегі көптеген жоғары оқуы орындарында арнайы тыңдалды. Солардың қатарында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ұстаздары мен студенттері де бар.
Адами құндылық, қоғамдық мәселелер, білім мен денсаулық, ұлт пен ұрпақ келешегіне қатысты келелі құжаттан әркім өзінің санасында сабылысқан сан түрлі сауалдың жауабын тапқандай.
Пікірлер
БАЛАНС ТРУДОВЫХ РЕСУРСОВ НЕОБХОДИМО УЧИТЫВАТЬ ЕЩЕ В ШКОЛАХ – ЭКСПЕРТ
ГАЛИНА НЕСТЕРЕНКО
Декан факультета истории, экономики и права, кандидат экономических наук, доцент
В Послании народу «Казахстан в новой реальности: время действий» Президент страны Касым-Жомарт Токаев сделал акцент на дальнейшее развитие сферы науки и образования. Несомненно, высшее образование и наука всегда должны быть в приоритете развития государства.
Несмотря на то, что ежегодно из высших учебных заведений выпускаются сотни специалистов различного профиля, по-прежнему ощущается нехватка квалифицированных кадров на селе. Поэтому Президент поручил расширить сферу действия программы «С дипломом - в село» и продолжить работу на новом уровне. На эти цели в следующем году будет выделено около 20 млрд тенге. Также, по словам Президента, бюджет страны должен быть ориентирован на развитие экономики и решение социальных проблем. Чтобы достичь этой цели, невозможно обойтись без качественного образования на каждом его этапе, начиная с дошкольного и заканчивая разработкой современных научных достижений. Кроме того, необходимо еще в школах учитывать баланс трудовых ресурсов и выявлять способности детей к той или иной профессии, направлять их знания, учитывая потребности рынка труда, чтобы выпускник был социально ориентирован для поступления в профессиональные и высшие учебные заведения.
В этом году в Западно-Казахстанский университет им. М.Утемисова поступили свыше 1600 выпускников школ и колледжей. На факультете в новом учебном году открыта специальность «Экономическая безопасность». Она даст возможность подготовить специалистов нового уровня, аналитиков, обладающих знаниями в области экономики и юриспруденции, которые смогут противостоять современным угрозам экономических рисков на предприятиях в условиях кризиса.
Президент страны отметил, что необходимо оказывать всемерную поддержку развитию бизнеса в стране, в частности малому и среднему бизнесу, и главным результатом работы по развитию МСБ должно стать увеличение к 2025 году его доли в ВВП до 35%. Для этого нужны налоговые послабления, учить азам бизнеса еще со школьной скамьи, вводить в школьный курс дисциплины по основам предпринимательства. У нас в университете с 1 курса введен обучающий курс лекций по основам предпринимательства. Помимо этого, в текущем году совместно с Западно-Казахстанским филиалом АО «Фонд развития предпринимательства «Даму» мы провели практическое обучение свыше 120 студентов всех специальностей основам предпринимательства.
С экономической точки зрения очень эффективен в Послании акцент на развитие агропромышленного комплекса страны. Будет составляться 5-летний план развития АПК, где основное внимание должно быть уделено переработке продукции. Через поддержку отечественных производителей и инновационных проектов казахстанских предпринимателей будет укрепляться национальная экономика государства. Для этого будут созданы эффективные меры поддержки производителей, среди которых создание единого закона в сфере государственных закупок, по которому казахстанское содержание должно стать одним из определяющих факторов данного процесса.
Жарқын болашаққа бағдар
ЛАЗЗАТ СЕРИКОВА
Құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Білім күнінде кезекті Жолдауын жариялап, алдағы уақыттағы мемлекеттің даму стратегиясына негіз болатын басты да маңызды салаларға нақты тоқталып өтті. Жолдауда ҚР Ата заңында көрсетілгендей адам құқықтарын қорғау үнемі мемлекеттің басты назарында болып, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы айтылды. Бұл дегеніміз – құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жауапкершіліктің еселеніп артуы. Алдағы уақытта полиция, прокурор мен сот қызметкерлерінің бір-бірімен тығыз жұмыс жасауы адамдардың құқықтарының сақталуына ықпал етері сөзсіз. Адам құқықтарын қорғауда прокурорға артылатын жауапкершілік, халық полиция мен сот төрелігіне сеніммен қарау керектігі айтылды. Болашақ құқық қорғау қызметкерлері мен заңгер даярлайтын білім ордасы болғандықтан біз өзімізге артылатын міндеттің зор екенін түсінеміз. «Құқықтану» білім бағдарламасы бойынша тек теориялық білім берумен шектелмей, одан әрі жұмыс берушілермен байланысымызды арттыра түсеміз.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ретінде студенттердің бойына адамгершілігі мол, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, адамдармен қарым-қатынас кезінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру бағытында да үнемі тәрбиелік жұмыстар одан әрі жалғастырылады.
НАС ЖДЁТ НОВАЯ ЭРА
ДАРИЯ ДЖУМАГАЛИЕВА
Студент 3 курса филологического факультета
В сегодняшнем Послании Президент Казахстана К.Токаев поднял очень много важных вопросов. Было сказано, что пандемия может продлиться еще два года, что, конечно, совсем не радует, но мы должны быть готовы к любому сценарию. .
Также поддерживаю необходимость в ужесточении закона о педофилии. И еще, самое лучшее решение, на мой взгляд, это то, что наше старшее поколение; наши родители, будут иметь возможность с 2021 года распоряжаться частью своей пенсии на образование детей и свое лечение...
И безусловно, всех нас, студентов, порадовало известие, что Касым-Жомарт Токаев поручил правительству разработать порядок возврата учебных заведений Казахстана к очной форме обучения с соблюдением всех санитарных норм.
Если в общем, то в этом Послании мы услышали много нового и полезного, что предстоит еще обдумать и обсудить.
Я думаю, нас ждёт новая эра. Наша страна будет меняться, и, надеюсь, в лучшую сторону. А всем нам нужно трудиться и всесторонне развиваться.
«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі»
НҰРСҰЛТАН ЖӘНІБЕК
Физика-математика факультетінің 4-курс студенті
Кешегі өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» атты жолдауын жариялады. Жоғары билік өкілдеріне қандай да бір мәселе туындаса да шұғыл шешім қабылдамай, нақты іс - əрекет жасау керектігін ескертті. Қазір əлем үлкен дағдарысты бастан кешіріп отыр. Осынау қиын кезеңде біз халықтың хал - ахуалын жақсарту мақсатында оң шешімдер қабылдауымыз керек екенін де еске салды. Сонымен қатар, Президент жүктеген маңызды бағыттарды да атап өтуге болады. Соның ішінде пандемия өршіп тұрған кезде халық үшін аянбай еңбек еткен бүгінгі күннің батырларына да ерекше назар аударды. Атап айтсақ:
Дəрігерлер жалақысын 2025 жылға дейін кезең кезеңімен өсіру;
Мұғалімдер жалақысы 2021 жылдан бастап 25%-ға өсіп отырады;
Учаскелік полиция мәртебесі артады; Білім - ғылымға, зерттеуге қаржының көп бөлінуі.
Жалпы, жыл басынан ел Президентінің халық игілігі үшін қабылдаған шешімдері мен жасаған оңды əрекеттері көңіл қуантып келеді. Келер жылда да осындай жағымды жаңалықтар күтеміз!
Өзекті мәселе, нақты міндет
МАҒЖАН СМАҒҰЛ
Тарих, экономика және құқық факультетінің 3-курс студенті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күрделі кезеңде Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады. Оның басым бөлігі экономикалық, әлеуметтік мәселелерге арналған. Өз жолдауында Қ.Тоқаев бірқатар мәселе көтеріп, үкіметке нақты міндеттер жүктеді. Солардың қатарында ауыл шаруашылығын дамыту, пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлікті қолдау, білім және ғылым саласы, мұғалім жалақысын көтеру, заң үстемдігі, жемқорлықпен күрес, цифрландыру және т.б. бар.
Мемлекет басшысы пандемия жағдайында ел алдында тұрған басты міндет әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындары мен халықтың табысын сақтап қалу екендігін айтты.
Пандемия салдарынан әлемде орын алған дағдарыс біздің ел экономикасын да айналып өтпеді. Осының салқыны, әсіресе, шағын және орта кәсіп өкілдерін табыссыз қалдырды. Қасым-Жомарт Кемелұлы кәсіпкерлерді қолдау жұмыстары жүргізілгенін, дегенмен жағдайдың сонда да қиын екенін айтып, қамқорлық көрсетуді одан әрі жалғастыру керектігін атап өтті.
Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін толық пайдалана алмай келеді. Ішкі нарықты толыққанды дайын өніммен қамтамасыз ете алмай отыр. Осы орайда Президент қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуды жолға қою қажеттегіне тоқталып, жыл соңына дейін «Өнеркәсіп саясаты туралы» заңды әзірлеуге тапсырма берді.
Мемлекет басшысы қоғамда жиі талқыланатын жер мәселесін де назардан тыс қалдырмады. «Келер жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды» - деп резонансты мәселенің нүктесін қойды.
«Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық ахуалды оңалту күн тәртібіндегі маңызды мәселе», - деді Президент. Үкіметке экологиялық жағдайды жақсарту бойынша тапсырма берді. Алдағы бес жылда орман қорына екі миллиард, елді мекендерде он бес миллион ағаш отырғызылатынын жеткізді. Сонымен қатар, өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге назар аудару керектігіне тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біздің күнделікті өмірлік ұстанымдарымыз да өзгеруі керек. Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс», - деді.
Қазақстандықтарды білімді болуға, ерінбей еңбек етуге, жауапкершілігі мол, адал, әділ болуға шақырды. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра алатынымыз хақ.
Жолдауда қойылған міндеттер мен берілген тапсырмалар уақытылы әрі сапалы орындаларына, Қазақстанымыздың әлеуеті артып, халқымыздың әл-ауқатының өсеріне сенімдімін.
«ЖАУАПТЫ МЕМЛЕКЕТ –ЖАУАПТЫ ҚОҒАМ – ЖАУАПТЫ АДАМ» - БІЗДІҢ ТАЛАБЫМЫЗ!
ШҰҒЫЛА ЕҢСЕП
Филология факультетінің 2-курс студенті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылған сәтте тосыннан келген кеселге тосқауыл бола білген дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және бей-жай қалмаған барша азаматтарға өз алғысын білдірді. Одан соң кейбір олқы тұстарды екшей келе, Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білгендігін және ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп емес екенін ашық айтты.
Мен студент ретінде қашықтан білім алудың қаншалықты қиынға соққанын ескере отырып, Президент Жолдауының мына бір тұсы көңілге қуаныш ұялатқанын жасырмаймын:
"Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн,- деді ел Президенті.
Сонымен қатар,Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, өнеркәсіп әлеуетін күшейту, ауыл шаруашылығы саласын, шағын және орта бизнесті дамыту туралы, отбасылық-демографиялық жағдайына және балалардың құқығы мен қауіпсіздігі,денсаулық сақтау, ұлт сапасы,т.б. жайында бірқатар бастамалар көтерді.
Түйген ойымды түйіндей келе, біз, жас буын ерінбей еңбек етуге бейімделіп, кез-келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асыруға машықтанып, Ұлт сапасын арттыруға атсалысумыз керек.
Біздің міндетіміз - халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Осы орайда, Президент «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек.
Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген Ахмет Байтұрсыновтың, Абайдың «Өңкей жалған мақтанмен, шынның бетін бояйды» деген көзқарастарын алға тартты. Бұл мәселе бүгінгі күні зор маңызға ие болып, өзекті тақырыпқа айналды.
Әділдіктен айнымауды, темірдей тәртіп ұстануды, адалдық, ұқыптылықты ту етуді назарға алсақ, «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік орнықса, қоғам өз биігіне көтерілетініне кәміл сенемін!
ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ ТАҒЫ БІР БЕЛЕС
АЙГЕРІМ ШАХМЕТОВА
Жаратылыстану-география факультетінің 3-курс студенті
1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Президентіміз бұл жолғы Жолдауында бүкіл жер бетіне, елімізге таралған індеттің әлі күнге жалғасып келе жатқанын айта отырып, індетпен күресуге күш салып жатқан барша дәрігерлерге, құқық қорғау органдарына, кәсіпкерлерге, еріктілерге және барлық азаматтарға алғысын жеткізді. Сонымен қатар, осы күрделі жағдайдағы алдымызда тұрған басты міндет - әлеуметтік, экономикалық тұрақтылықты сақтау керектігін айта отырып, дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасын қабылдады. Оған қоса, Президент Қазақстан экономикасы негізделуі тиіс жеті қағиданы айтты. "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Жолдауында республика ауылдары мектептердегі білім беруді жетілдіру, жоғары оқу орындары жұмысының сапасын және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселесі де көтерілді.
Президент өз Жолдауында көрсеткендей, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі білім беру сапасын жетілдірумен тығыз байланысты. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «маман даярлау ісі еліміздегі және ғаламдағы еңбек нарығынан тыс қалмағаны жөн». Сөйтіп, Мемлекет басшысы еліміздің жоғары оқу орындарының алдына бәсекеге қабілетті, білікті маман дайындау, олардың оқу бітіргеннен кейінгі «өмірден өз орнын табу», яғни жұмысқа орналасу мәселесін қатаң қадағалаумен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, оны коммерцияландыру бағытында қарқынды және нақты жұмыстарды жасауға үлкен міндеттер артып отыр.
Президент өз Жолдауында қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының осы түрін неғұрлым сындарлы деп есептей келе, азаматтарды ашық диалогқа шақырады. Президент өзекті, шешімін күтіп тұрған мәселелердің бар екенін ашық айта келе, оларды шешудің ұтымды жолдарын ұсынды. Сондықтан алдағы уақытта Қазақстан халқы күш-жігерімізді жинап, бір жұмылып жұмыс жасауға дайын болуымыз керек.⠀
ЖОЛДАУ ЖОЛЫМЕН БІЛІМ БИІГІНЕ
ГҮЛАЙЫМ ПАЗЫЛОВА
Жаратылыстану-география факультетінің 3-курс студенті
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбындағы Жолдауының басында елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда екендігін, азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктіргенімізді, осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылғандығын айтып өтті. Президентіміздің биылғы Жолдауының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деген атпен аталуының өзінде үлкен мән бар. Көңілге сенім ұялатқан Жолдауда пандемия кезеңі тек біздегі емес, жалпы жаһандағы жағдайды жаңаша қалыптастырғанда Қазақстанның ұстанатын бағыты қандай болу керектігі де кеңінен айтылды.
Жолдауда көз көретін, көңіл сенетін, көпшілік қолдайтын нақты мәселелер айтылды. Президент айтқан мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі бүгінгі заманның талабы деп білемін.
Біздің назарымызды аудартқаны - жолдаудағы білім беру саласына қатысты мәселелер. Білім беру сапасын жақсартуда жақсы білікті мамансыз алға ілгерілеуді елестету мүмкін емес. Бұл - ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы. Жолдауда шалғайдағы елді мекендерге білікті жас мамандарды жұмылдыру қажеттігі айтылды. Сондықтан оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Жалпы білім саласын дамыту бойынша берілген тапсырмалар еліміздің дамуына өзінің айтарлықтай үлесін қосары сөзсіз.
Мен, Пазылова Гүлайым жаратылыстану-география факультетінің студенті, Президентіміздің алға қойған міндеттері мен іс-қимыл жоспарларын толық қолдай отырып, үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырамын!
ЖОЛДАУ БІЛІМ-ҒЫЛЫМҒА ДА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ
ЖҰЛДЫЗ ӨТЕЛГЕНОВА
Жаратылыстану-география факультетінің 4-курс студенті
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деген тақырыпта халыққа жолдау жасады. Бұл жолдаудағы басты мәселенің бірі - коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшкені.
Қашықтан оқыту ісін ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ екенін және толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет екенін айқындап көрсетті. Сонымен қатар білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы туралы мәлімдеме жасады. Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бауырларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінетіні туралы да сөз қозғады. 2025 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтамасыз етуді тапсырды.
Президентіміз 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдады. Жалақы мөлшерінің алдағы уақытта да арта түсетінін айтты. Бұл мұғалімдердің оқушыларға қазіргіден де сапалы білім беретіне сенімім мол!
БІРЛІГІМІЗ БЕН ЫНТЫМАҒЫМЫЗ МЫҒЫМ БОЛСА...
КАБИБУЛЛИНА АЙНАРА
Жаратылыстану-география факультетінің 4-курс студенті
2020 жылдың 1 қыркүйегінде еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауы болды. Президент жолдауды ең алдымен әлемде болып жатқан пандемияға қатысты бастады. Індетке қарсы күресте дәрігерлер, әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарына және еріктілер тобына көрсеткен еңбектері мен көмектері үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар індетке қарсы күрестің әлі де жалғасып жатқанын айтып өтті.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету барысында президентіміз жаңа іс-қимыл жоспарын баяндады. Ол - ең алдымен жаңа үлгідегі мемлекеттік басқаруды енгізу. Еліміз тек мұнайға ғана тәуелді болмайтындай әлемдік нарықтағы жаңа ахуалға дайын болу керектігіміз айтылды. Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Бұл қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларды қамтитындығын атап өтті. Келесі мәселе ретінде елімізде түгелдей аумақтық теңгерімді ретке келтіру, моноқалалардың, ірі металлургиялық кәсіпорындар орналасқан қалалар мен еліміздің түкпір-түпіріндегі өндіріс көздерін, технология, өнеркәсіптік салаларын дамыту қажет. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын қалыптастыру және дамыту, денсаулық сақтау саласын дамыту, цифрландыру мәселелерін көтерді. Сонымен қатар қолжетімді әрі сапалы білімге тоқтала келе, әлемдегі індетке байланысты қашықтан оқуға көшкен мектеп оқушылары мен студенттердің оқудың қалыптасқан дәстүрлі түріне қайта көшу тәртібін әзірлеуге жұмылдырды. Мұғалімдердің жалақысын 2021 жылдың қаңтар айынан бастап 25%-ға көбейетінін атап өтті. Қорытындылай келе, Президентіміз қиындықтарға мойымай, тек алға жылжуымыз керектігін айтты. «Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз»,- деді Қасым - Жомарт Кемелұлы.
ЖОЛДАУ- БІЛІМГЕ ҚОЛДАУ
ҚАМАЖАЙ МЕҢДІХАН
Химия кафедрасының оқытушысы
Президент Қ.К.Тоқаев өз жолдауында зияткер ұлт қалыптастыратын 6 қағидатты ұсынды. Жастарға арналған бірегейлі білім алу, бәсекеге қабілетті маман болу сынды өз идеяларын қоса отырып, қағидаттарды ұстануға шақырды. Жастар жарқын болашақтың иегерлері, олардың кез келген істе жан-жақты болулары білімнен екендігін айтып өтті.
Президент өз жолдауында: «Коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде.
Ашығын айтқанда әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқытушылар және ата-аналар күндіз-түні WhatsApp-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн», - деді.
ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ – МӘСЕЛЕГЕ ШЕШІМ
САНДУҒАШ ЕРМУХАНБЕТОВА
Жаратылыстану-география факультетінің 3-курс студенті
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегінде елімізге «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауын жариялады. Президентіміз жолдаудың басын «Елімізде әлемге зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда» деп бастады. Осындай індеттің ұзаққа созылуына байланысты Президентіміз дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және осындай ауыр кезеңде бей-жәй қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғысын білдірді. Мен де осындай біріккен еңбек пен жұдырықтай жұмылған күш-жігердің өзі Отанымызға деген шынайы сүйіспеншіліктің белгісі деп санаймын. Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу. Президентіміз жолдауында дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданғанын атап өтті. Оның біріншісі уақытша табыссыз қалған азаматтарға 42 мың 500 теңге көлеміндегі көмек болса, екіншісі миллионнан астам тұрғындарға азық-түлік пен тұрмыстық заттар жағынан көмек болып табылады. Президентіміздің әрбір айтқан сөзі мемлекетіміздің дамуы мен жағдайымыздың жақсаруына бағытталған шешім деп білемін. Сонымен қатар, Президентіміз өз жолдауында қолжетімді әрі сапалы білім туралы да сөз қозғады. Яғни, коронавирус індетінің салдарынан әлем бойынша оқушылар мен студенттердің көпшілігі қашықтан оқытылып жатыр. Әрине, қашықтан оқытудың артықшылығына қарағанда кемшілігі әлдеқайда басым. Дегенмен, сапалы білім қазіргі таңда әрбір оқушы мен студент үшін маңызды болып отыр. Сол себепті де Президентіміз толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл түрде әзірлеу қажеттігін айтты. Ендігі біздің тарапымыздан күтілетін көмек еліміздің басшысына барынша қолдау көрсетіп, қойылған мақсаттарға бар күш-жігерімізді жұмылдыру деп білемін.