«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы мәдени шығармашылық бағыттағы кинотану, сценарий жазу, театртану, музыка тарихы мен өнертану оқулықтары.

          М.Өтемісов  атындағы Батыс Қазақстан университеті Ғылыми кітапханасы және мәдениет және өнер факультеті, хореография және мәдени тынығу жұмысы кафедрасы, "Кітапхана ісі", "Режиссура"  мамандықтарының студенттері қатысуымен "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясындағы оқулықтардың таныстырылымы оздырылды. Еліміздің мәдени шығармашылық бағыттағы оқу орындарының ұсынысы бойынша, бұл жолғы аударма аясында кинотану, сценарий жазу, театртану, музыка тарихы мен өнертану бағытындағы оқулықтарға басымдық берілді. Атап айтсақ, француз философы Жил Делөздің «Кино 1. Қозғалыс-бейне» және «Кино 2. Уақыт-бейне» атты екі томдық, киноны философиялық шығарма тұрғысынан таныстыратын классикалық туындысы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді. Сондай-ақ, «Киносценарий. Сценарий жазу негіздері», Семен Фрейлихтің «Кино теориясы: Эйзенштейннен Тарковскийге дейін», Д.Бордуэлл бастаған авторлардың қырық жылдық ізденісінен туған «Кино өнеріне кіріспе» туындысы, Томас Эльзессер мен Мальте Хагенердің «Кино теориясы. Сезім тұрғысынан кіріспе» деп аталатын еңбектері. Музыкатану бағытында Кембридж университетінің баспасы дайындаған «Музыка тарихы» деп аталатын екі томдық жинақ, Кристофер Балмның «Театртану», Юрий Боревтің «Эстетика» оқулықтары және «Этика теориясы мен қазіргі мәселелері» еңбектері.  Медиаға арналған мәтін жазу қағидаларымен таныстыратын «Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу» оқулығы да алғаш рет қазақ тіліне аударылды, оқырмандарға жол тартты.

          Шара басында Ғылыми кітапхана директоры сөз сөйлеп, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы 2017 жылдан бастап іске аса бастағанын, қазіргі таңда  88 атауы кітапхана қорына келгенін баяндады. https://100kitap.kz/,https://openu.kz сайттарына сілтеме жасап, таныстырып өтті. Таныстырылым барысында аға-оқытушылар  А.С. Аханова мен И.И.Искакова жоба туралы мағлұмат беріп, кітаптарға шолу жасады

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз