«Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасының жүзеге асыру мәселелері»

    Апталық аясында ғылыми-әдістемелік семинар отырысы өткізілді

    08.02.2022 ж. күні физика-математика факультетінің «ЖОО-да және мектепте математиканы, физиканы және информатиканы оқытудың заманауи тәсілдері» тақырыбы бойынша өткізілген апталығы аясында информатика кафедрасында “Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасының жүзеге асыру мәселелері” тақырыбы бойынша ғылыми- әдістемелік семинар отырысы өткізілді. Семинарда Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімдері және педагог-шеберлері Мусагалиева Гүлмирам Куанышовна мен Тулешева Айнура Сарсекеновна, Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы директорының бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің мұғалімі Кадыржанова Римма Тлемисовна және М.Мәметова атындағы 27 мектеп-лицейі директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ибраева Алия Курмангалиевна спикерлер ретінде қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімі жетекшісінің м.а. Абишева Ш.Б., бөлім әдіскері Тулегенова А.Ж., физика-математика факультетінің деканы ә.ғ.к., доцент Абулкасова Д.Б., физика, информатика кафедрасының оқытушылары, сонымен қатар, информатика ағылшын тілінде, математика-информатика мамандықтарының 3-курс студенттері мен магистранттар қатысты.

    Семинар мақсаты болып Орал қаласы мектептері бойынша Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасының (PISA) жүзеге асыру мәселелерін талқылау және тәжірибемен бөлісу саналды. Семинар онлайн және оффлайн формада өткізілді.

    Алдымен сөз алған Мусагалиева Г.К. халықаралық зерттеулер, оның ішінде PISA (рrogramme for international Student Assessment) зерттеуі туралы мағыналы мәліметтер берді. Ол өз сөзінде үстіміздегі жылы біздің еліміздің 15 жастағы білім алушыларының функционалдық сауаттылығының деңгейін бағалау мақсатында PISA-2022 зерттеуіне қатынасатынын айта отырып, PISA-2022 зерттеуінде математикалық сауаттылыққа және оқушылардың сыни ойлауына басымдылық берілгеніне тоқталып өтті. Соған байланысты біздің еліміздің, соның ішінде Батыс Қазақстан облысының білім беру мекемелерінде халықаралық зерттеуге әзірлік жұмыстары жоспарлы түрде ұйымдастырылып, өткізіліп жатқандығы айтылды.

    Сонан соң, Тулешева А.С семинарға қатысушыларға бұрынғы PISA зерттеулерінде берілген көптеген тапсырмалардың шешу жолдарын көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

    Семинар барысында Ибраева А.К. "PISA халықаралық зерттеу аясында оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту жолдары" атты тақырыпта өз тәжірибесін ортаға салды. Ол оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білуге жасақталған тапсырмалардың түрлерімен таныстыра отырып, сол арқылы жаратылыстану сауаттылығын дамыту жолдарын көрсетті және wordwall.net, learningapps.org сайттарындағы жаттықтырғыштармен жұмыс жасауды демонстрациялады.

    Сонан соң сөзді Кадыржанова Р.Т. алды. Ол өз сөзінде PISA халықаралық зерттеуінің мәні, мақсаты мен нысанын аша отырып, XXI ғасырдағы сауаттылықтың басты бағыттары мен PISA бағалайтын оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, сандық сауаттылық, қаржылық, мәдени және азаматтық сауаттылық сияқты 4 бағытқа тоқталып өтті.

    Семинар соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, кері байланыс жүргізілді. Нәтижеде ЖОО мен мектеп арасындағы байланыс жүзеге асып, семинарға қатысушылар өзекті тақырыптағы тренингтен өздеріне қажетті тәжірибе алып тарқасты.

     

    Информатика кафедрасының ғылыми-әдістемелік
    семинар жетекшісі: Мухамбетова Ғ.Г.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз