Ғылыми кеңестің құрамы, қызметі және оны сайлау тәртібі
Ғылыми кеңес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен құрылады.
Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты: жоғары білім беру жүйесінің басым міндеттеріне, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму стратегиясына және қызметкерлер мен білім алушылардың қатысуына сәйкес ЖЖОКБҰ қызметін тиімді, ашық және демократиялық басқаруды қамтамасыз ету болып табылады.
Ғылыми кеңестің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- академиялық, тәрбиелік, ғылыми-зерттеу, инновациялық және әкімшілік-шаруашылық қызметтің негізгі мәселелерін қарап, талқылау және шешімдер қабылдау;
- білім беру және ғылыми үрдістерге инновацияларды енгізуге жәрдемдесу;
- қоғам мен мемлекеттік органдарды қоса алғанда, мүдделі тараптар алдында өз қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету;
- ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін ЖЖОКБҰ құрылымдық бөлімдері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
- өз бастамасымен немесе ЖЖОКБҰ құрылымдық бөлімдерінің ұсынысымен академиялық немесе ғылыми қызығушылық тудыратын мәселелерді қарап, оларға қатысты тиісті шаралар қабылдау;
- ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуын іске асыруды талдау, қол жеткізілген нәтижелерді бағалау, қажет болған жағдайда түзету шараларын қабылдау.
Ғылыми кеңестің құрамына ЖЖОКБҰ басшысы, басшының орынбасарлары, құрылымдық бөлімдердің басшылары, профессор-оқытушылар құрамының, ЖЖОКБҰ студенттік және қоғамдық ұйымдарының, жұмыс берушілердің өкілдері кіреді. Ғылыми кеңестің құрамын ЖЖОКБҰ оның міндеттеріне сәйкес құрылатын комиссия 3 жылға сайлайды.
Ғылыми кеңестің төрағасы (бұдан әрі - Төраға) және оның орынбасары ғылыми кеңес мүшелері арасынан көпшілік дауыспен сайланады. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін орынбасары атқарады.
Хатшыны кеңес мүшелерінің қатарынан ғылыми кеңес сайлайды және ол басқарма төрағасы-ректордың бұйрығымен 3 жыл мерзімге тағайындалады. Ғылыми хатшы ғылыми кеңестің іс қағаздарын жүргізуге жауапты болады.
Ғылыми кеңес өз жұмысын оқу жылына бекітілген жұмыс жоспары негізінде өз міндеттеріне сәйкес жүзеге асырады, жоспар ЖЖОКБҰ-ның ресми сайтында орналастырылады.
Ғылыми кеңестің отырысы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына бір рет өткізіледі. Қажет болған жағдайда ғылыми кеңестің отырыстары жоспардан тыс өткізіледі.
Ғылыми кеңестің құзырына мыналар жатады:
- ғылыми, оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі мәселелерді қарап, шешім қабылдау;
- оқу-зертханалық және ғылыми-зертханалық базаны дамытудың келешекті жоспарларын қарастыру;
- профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми құрамға ғылыми атақтар беру мәселесін қарастыру;
- ішкі тәртіп, оқу, ғылым, тәрбие үрдісіне қатысты ережелерді қарап бекіту;
- оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
- университеттің даму бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты мәселелерді қарастыру;
- университеттің әлеуметтік дамуының негізгі мәселелерін қарастырып, шешім қабылдау;
- университет қызметінің өткен оқу жылындағы қорытындысын шығару;
- Қоғамның оқу, ғылыми зерттеу және тәрбие жұмыстары туралы есептерін мерзімді түрде қарау;
- Қоғамның құрамына кіретін басқа құрылымдық бөлімдердің қызметі туралы есептерді қарау;
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын Қоғам басқармасына бекітуге ұсыну үшін қарастыру;
- монографияларды, оқу-әдістемелік әзірлемелерді және оқу құралдарын, оқулықтарды қарастырып, басып шығаруға ұсыну (авторлық куәлігі мен плагиаттан өткені жөнінде анықтамасы болғанда);
- ақылы негізде оқитын студенттерді білім беру гранттарына және оқы-тудың экстернат нысанына ауыстыру;
- докторанттар мен магистранттардың диссертациялық зерттеулерінің ғы-лыми жетекшісін, кеңесшілері мен тақырыбын бекіту;
- «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», «Үздік ғылыми қызметкер» республикалық конкурсына және мемлекеттік ғылыми стипендиялар мен сыйлықтар конкурсына қатысу үшін профессор-оқытушылар құрамынан үміткерлер ұсыну туралы шешім қабылдау;
- академиялық және құрметті атақтарды, атаулы стипендиялар мен сый-ақыларды тағайындау мен беру;
- ЖЖОКБҰ-ның қызметкерлерін, шығармашылық ұжымды үкіметтік наградаларға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарау;
- Қоғамның қызметіне қатысты және алқалық шешімді талап ететін басқа да мәселелерді қарау.