Абайға арнау

    Абайға арнау

    29.01.Абай 175 Жуырда М.Өтемісов атындағы БҚМУ Тарих, экономика және құқық факультетінің 4-курс студенттері ҚР Президенті атындағы атаулы шәкіртақы иегерлері Талмағанбет Асхат пен  Қойланова Хадишаның ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың дүниеге келгеніне 175 жыл толуына орай «Абайға арнау» атты факультетішілік шығарма, өлең байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту, ұлы ақынның өмірі мен еңбек жолы туралы білімдерін кеңейту, Абай мұраларын жастар арасында насихаттау.Байқау қорытындысы бойынша поэзия номинациясы бойынша Сембаева Айнұр І орынды, Қалменов Арман ІІ орынды қанжығасына байласа, шығарма номинациясы бойынша Мейірбекқызы Бекзада І орынды,  Мауешова Ақбота  ІІ  орынды, Жалғасбаева Арайлым ІІІ орынды иеленіп, Тажиболусова Дана Алғыс хатпен марапатталды.

                                                                                                                                  Хадиша Сэдуахасқызы,

                                                                                                                                                                  ҚР Президенті атындағы шәкіртақы иегері

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз