«Педагогикалық көшбасшылық» жобасы іске қосылды

    2023-2024 оқу жылында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті мен Орал қаласының Білім бөлімінің арасындағы келісім шарт негізінде, Орал қаласы №40 жалпы орта білім беретін мектебінде «Педагогикалық көшбасшылық» кәсіпке дейінгі дайындық жобасы өз жұмысын бастады. Бұл бастама, педагогикалық мамандықтарға икемі бар жоғары сынып оқушыларын ұстаздыққа бейімдеу болып табылады.

    Жобаның мақсаты оқушыларда мақсатты кәсіптік-педагогикалық бағдарды, педагогикалық қызметке тұрақты қызығушылықты ояту, педагогикалық мамандықты саналы түрде таңдау және көшбасшылық қасиеттерді дамыту.

    Кездесу барысында оқушылар жоба бағдарламасы және курс модераторларымен таныстырылды. Жоба бағдарламасы мотивациялық, психологиялық, педагогикалық шеберхана және болашақ педагог – заманауи көшбасшы модульдерінен тұратыны, әр модульдің қол жеткізетін нәтижелері бар екендігі айтылды.

    Кездесу соңында қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас пен бір-біріне деген сенімділікті орнату мақсатында психологиялық тренингтер өткізілді.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз