Шетелдік профессор БҚУ студенттері мен магистранттарына дәрістер өткізді

    2023 жылдың қазан айының 18-ші және қарашаның 16 жұлдыздары арасында   университетімізге шақырылған Польша елінің Ұлы Казимир университетінің (Быдгощ қ-сы) профессоры, PhD доктор Krystian Obolewski жаратылыстану-география факультетінің профессор-оқытушы құрамы, «Биология», «Биология-география», «Химия-биология», «Экология» және «География»   білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары үшін  айлық оқу курсын өткізді. Курс барысында шетелдік профессор дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, далалық зерттеулер жүргізді, сондай-ақ ПОҚ үшін ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастыру, дайындау және іске асыру әдістемесі мен шетелдік басылымдарда ғылыми зерттеулердің публицистикалық нәтижелерін дайындау бойынша кеңестер өткізді. Профессордың дәрістер курсы - «Applied hydrobiology», «Water ecology», практикалық сабақтары - «Statistical methods in ecology» тақырыптарында өтті.

    26-шы қазан күні профессор K.Obolewski қатысуымен  «Биология-география-31» тобында Генетика пәні бойынша «Гендердің тіркесуі. Кроссинговер. Генетикалық карта» тақырыбында практикалық сабақ өтілді. Ашық сабақ бастамасында ағылшын тіліндегі қысқа видеоны көрсетпес бұрын  ситуациялық сұрақтар қойылып, видео соңынан көрген материалдарын  талдаудан басталды. Практикалық сабаққа дайындалып келген студенттер презентацияларын қорғап, интерактивті тақтаға есептер шығарып, дрозофила шыбынының мысалында хромосоманың генетикалық картасын жасақтаудың қыр-сырларын үйренді. Сабақ барысында  WordWall, Learning.app, Kahoot онлайн платформалары қолданылды. Ашық практикалық сабақ ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде өтті.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз